Электронды форматқа көшу – уақыт талабы

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – өзiнiң тарихи маңыздылығымен ерекшеленетiн құжат. Жолдау Мәңгiлiк елге бағыт алған жолымызды айқындап бердi. Экономиканың қарыштап дамып, кеңге қанат жаюына, саяси тұрақтылыққа бастайтын жаңа реформа – ел шежiресiндегi елеулi оқиға, халықтың арман-тiлегiн орындау мақсатынан туған қадам. Биылғы Жолдау – «Қазақстан – 2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының заңды жалғасы.
Бұл құжатта экономиканың жеделдетiлген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес ортаны түбегейлi жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, адами капитал сапасын жақсарту, жаһандық ұлы өзгерiстер мен бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сынды басым бағыттар көрсетiлген. Соның iшiнде бизнес-ортаны түбегейлi жақсарту және кеңейту басымдығына сәйкес кәсiпкерлiктi қолдау тетiктерiн одан әрi жаппай жетiлдiру қажет. Сонымен бiрге, Қазақстанның әр өңiрiнде отбасылық кәсiпкерлiктi дамыту бағытында кешендi шаралар ұсынылса жөн болады. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесi мейлiнше жеңiлдетiлсе игi. Осы ретте құжаттардың мерзiмi мен тiзбесiн қысқартып, қайталанатын ресiмдердi алып тастау қажет деп есептеймiн. Бұл орайда қағазбастылықтан құтқаратын электронды форматқа көшкен абзал.
Үшiншi басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық жөнiнде айтар болсақ, «көлеңкелi бизнеспен» күресiп, шикiзаттық емес сектордағы салықтық базаны кеңейту керек. Қазiргi салық жеңiлдiктерiн бұрынғыдан да оңтайландырған жөн. Жалпыға ортақ декларациялау қарсаңында арнаулы салық режiмiн жаңаша қарастыру – бүгiнгi күн тәртiбiнде тұрған басты мәселенiң бiрi. Жолдауда, сонымен қатар, қосымша құн салығына қатысты бiрқатар өзектi мәселелердi шешудi қарастыру тапсырылған-ды.
Елбасының салиқалы саясаты Қазақстанды әлемнiң 30 озық елiнiң қатарына қосуды көздейдi. Ол үшiн экономикамыз қарыштап дамуы тиiс. Сондай-ақ, бұған дейiнгi қабылданған стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалар орта жолда қалып қоймай, нақты жүзеге асырылуы қажет. Бiздiң ендiгi мақсатымыз – жүктелген мiндеттердi бiрлесiп атқару. Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындауға әрбiр азамат ерекше құлшыныс танытуы керек. Сондықтан барша отандастарымды кемелдi келешек жолында жұмыла еңбек етуге шақырамын.
Н.ТӨЛЕЕВ, Еңбекшi ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасының басшысы.