Балаларда бел ауруы көп кездеседi

Облыстық клиникалық ауруханада медицина ғылымдарының докторы, профессор, Украина ҰМҒА Геронтология институтының бөлiм меңгерушiсi В.Поворознюк шеберлiк сыныбын өткiздi. Арқа аурулары мен оны емдеу туралы дәрiске облыстағы ревматологтар мен невропатологтар қатысты.

 

«Владислав Поворознюк жыл сайын облысымызға келiп, ревматологиялық аурулардың алдын алу мен оны емдеу жөнiндегi тәжiрибесiмен бөлiсiп жүр. Соның iшiнде бүгiнгi арқа, бел ауруларына қатысты дәрiсi мамандарға бiлiктiлiгiн жетiлдiре түсуге ықпал етедi» дедi облыстық клиникалық аурухананың ревматология бөлiмiнiң меңгерушiсi М.Сайыпов.

«Бел ауруы көбiнесе 35-55 жастағы әйелдерде жиi кездеседi. Эпидемиологиялық тексерулер бойынша 20-64 жас аралығында еркектердiң – 24 пайызы, әйелдердiң – 32 пайызы, 12 жасқа дейiнгi жеткiншектердiң 26 пайызы арқа ауруларына шалдығады екен. Қазiр бел ауруы, әсiресе, балалар арасында көп кездеседi. Себебi, олар компьютердiң алдында көп отырады, аз қозғалады. Сондықтан дұрыс диагноз қойып, оның алдын алуымыз керек» дедi В.Поворознюк. Сондай-ақ, шеберлiк сыныбында бел ауруының белгiлерi мен негiзгi ревматологиялық синдромдарына тоқталып, нақты диагноз қоюдың әдiстерiн түсiндiрдi.

Мақпал ТӨРЕБЕК.

Пікір қалдырыңыз