Халқы қаһарман ұлын еске алды
Ұлт жанашыры, мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтің өмірден озғанына биыл 40 жыл толып отыр. Қазақ халқының қайсар ұлы 1986 жылы қараша айында көз жұмған еді. Таяуда Бәйдібек би даңғылындағы Royal Rose салтанат сарайында марқұмға арнап арнайы ас берілді.
Аты аңызға айналған қайраткер ұлды еске алу іс-шарасында арнайы түсірілген бейнефильм көрсетіліп, келіні Фатима ханым жиналғандар алдында сөз сөйледі.
Жиында ел ағалары О.Рахманбердиев, Ө.Тілегенұлы, Б.Тұрғараев, Ж.Сыдықов, О.Аяшев, К.Төлебаев, Ә.Оңалбаев, Ш.Мырзахметов және басқалар өз естеліктерімен бөлісті.
Жұмабек Ахметұлы ғұмырының соңғы жылдарын оңтүстік өңірінде өткізді. Үшінші мегаполисте ол кісінің атында көше бар. Тұлғаға тағзым ететін кеудемүсіні де тұрғызылған. Ж. Тәшенев атындағы университет – біздің мақтанышымыз. Сауран ауданында, Түркістан және Арыс қалаларында ардақты ұлдың есімін иеленген
3 мектеп жас ұрпаққа сапалы білім беруде.
С.МӘТҚАЛИҰЛЫ.