Байқау мәреге жетті

Түркі дүниесінің рухани астанасы - Түркістан қаласында дәстүрлі «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Фестиваль қорытындысы бойынша бас жүлде Ордабасы ауданына табысталды. Ал, І орынға Жетісай және Түлкібас аудандары лайық деп танылды. ІІ орынды Мақтаарал, Сарыағаш және Сауран аудандары иеленсе, ІІІ орын Кентау қаласына, Сайрам, Келес және Қазығұрт аудандарына бұйырды.
Сонымен қатар, Шардара, Отырар және Төлеби аудандары арнайы жүлделермен марапатталды.
Айта кетейік, дәстүрлі «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі сәуір–маусым айлары аралығында өткізілді. Фестиваль аясында облыстың аудан-қалалары ұлттық өнері мен мәдениетін, әдебиеті мен рухани мұрасын кеңінен насихаттап, тұрғындар мен қала қонақтарына мазмұнды мәдени бағдарламалар ұсынды.

Түркістан облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз