Сайлау учаскесінен тыс дауыс беру қалай жүргізіледі?
Әрбір азаматтың сайлау құқығын толық жүзеге асыруы – Қазақстан секілді демократиялық қоғамның басты қағидаларының бірі. Осыған байланысты сайлау күні денсаулық жағдайына немесе басқа да объективті себептерге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үшін сайлау учаскесінен тыс дауыс беру мүмкіндігі заңмен қарастырылған.
Бұл тетік, ең алдымен, мүгедектігі бар азаматтардың, қарттардың, уақытша денсаулығына байланысты орнынан қозғала алмайтын сайлаушылардың және өзге де себептермен сайлау учаскесіне келе алмайтын адамдардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңына сәйкес, сайлаушы дауыс беру күні өзі тіркелген сайлау учаскесіне келе алмайтын болса, учаскелік сайлау комиссиясына алдын-ала өтініш бере алады. Мұндай жағдайда комиссия мүшелері арнайы тасымалданатын сайлау жәшігімен азаматтың тұрған мекенжайына барып, дауыс беру рәсімін ұйымдастырады.
Құрылтай сайлауына қатысу үшін мүгедектігі бар азаматтардың өз таңдауын жасап, дауыс беруіне жағдай жасау жөнінде барлық шаралар қабылдануда.
Түркістан облысындағы 952 сайлау учаскесі материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтылған. Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар азаматтарға арналған нысандар мен қызметтердің қолжетімділік картасына енгізілген.
Облысымызда дауыс беру кезінде ерекше қажеттілігі бар сайлаушылардың жалпы саны 14 873-ті құрайды. Оның ішінде, кресло-арбаларды пайдаланатыны – 3 365, көруі бойынша мүгедектігі барлар – 7 643, естуі бойынша мүгедектігі барлар –
3 865. Сайлау күні осы аталған сайлаушыларға 65 инватакси және 49 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді.
Жалпы, облыс бойынша ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз орта жағдайлары жасалған.
Барлық (952) учаскелер тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған азаматтардың, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланушылардың қолжетімділігін ескере отырып, жасырын дауыс беруге арналған кабиналармен және мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы бұрыштармен қамтамасыз етілген.
Бұл рәсімнің барлық кезеңі заң талаптарына сай жүргізіледі. Дауыс берудің құпиялылығы, еріктілігі және әділдігі толық сақталады. Комиссия мүшелері сайлаушының таңдауына ешқандай ықпал етпейді және сайлау заңнамасында көзделген барлық рәсімдерді қатаң орындайды.
Түркістан облысында да сайлаушылардың құқықтарын толық қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Барлық учаскелік сайлау комиссиялары сайлау учаскесінен тыс дауыс беруді ұйымдастыруға қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Комиссия мүшелері арнайы оқытудан өтіп, сайлау заңнамасының талаптарын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізеді.
Әрбір азаматтың даусы – ел болашағына қосылған маңызды үлес. Сондықтан, денсаулық жағдайына байланысты немесе өзге де дәлелді себептермен сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар заңда белгіленген тәртіппен сайлау учаскесінен тыс дауыс беру мүмкіндігін пайдалана алады.
Сайлау – азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Әрбір сайлаушының дауыс беру құқығын қамтамасыз ету – сайлау комиссияларының басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Түркістан облысының сайлау комиссиялары заң талаптарын басшылыққа ала отырып, әр азаматтың еркін таңдау жасауына қажетті барлық жағдайды қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.
Қуандық ҚҰЛАЖАНОВ,
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі.
WIZARD GEO COORDINATES RECOVERY HACKER
HOW DO I RECOVER MY LOST CRYPTO FROM A SCAMMER? CONTACT // GEO COORDINATES RECOVERY HACKER There is an expert hacker that can help you in recovering all the money lost to scammers online. GEO COORDINATES RECOVERY HACKER It recently worked for me and I now have peace of mind after the huge recovery of all my lost funds. I’m truly grateful for their service and I recommend their service to everyone who needs to recover their stolen crypto funds. I will advise you to contact them with the details below. Email: geovcoordinateshacker@gmail.com Website; https://geovcoordinateshac.wixsite.com/geo-coordinates-hack Telegram @Geocoordinateshacker