Дайындық мәселелері пысықталды

Өңірдегі 32 жазғы сауықтыру лагері жаңа демалыс маусымына дайындықты бастап кетті. Олардың 11-і мемлекеттік болса, 21-і – жекеменшік. Қосымша тағы 3 мемлекеттік лагерь ашылып, 6580 баланың жазда алаңсыз тынығуына мүмкіндік жасалып отыр. 

Жалпы, жоспар бойынша биыл 40 мыңнан астам оқушы арнайы демалыс аймақтарында тынығады. Демалыс орындарымен негізінен көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары қамтылады. 
Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жазғы сауықтыру лагерьлерінің алдағы демалыс маусымына дайындықтарын тексерді. Атап айтқанда, «Балауса» лагерінің жай-күйімен танысып, оқушылардың қауіпсіздігіне баса назар аударуды және лагерь аумағын абаттандыруды тапсырды. Сондай-ақ, білім саласы қызметкерлерімен бірге тынығу орындарында «Таза Қазақстан» іс-шарасына қатысты. 
Бүгінге дейін 30-дан астам лагерьге зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бейсенбай Дәулетұлы білім саласының басшыларына ғимараттардың инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жақсартып, оқушылардың алаңсыз тынығуына барлық жағдайды жасауды міндеттеді.

Маржан ЖАМАНҚҰЛОВА,

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 4-курс студенті.

Пікір қалдырыңыз