Іріктеудің жаңа алгоритмі іске қосылды

Мемлекеттік қызметке іріктеудің уақытша қағидалары аясында конкурсқа қатысу қадамдары бойынша жадынама
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі іске қосылды. Жаңа рәсімі іріктеу және конкурсты өткізу процесіне адамның араласуын азайтады, кандидаттар арасында тең жағдай жасайды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.
Іріктеудің және конкурс өткізудің жаңа рәсімі Агенттіктің ықпалдастырылған  ақпараттық жүйесінің сыртқы интернет-порталында жүргізіледі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік қызметке іріктеудің уақытша қағидалары аясында конкурстарға қатысатын кандидаттарға көмекші құрал ретінде арнайы жадынама әзірленді.
Жадынамада конкурсқа қатысудың қадамдары, кандидаттарға қойылатын талаптар, тестілеу бағдарламасы, іріктеу және конкурс өткізу кезеңдерінің сипаттамалары, басқа да пайдалы мәліметтер көрсетілген. Танысу үшін сілтемеге өтіңіз:
Б. Нұрманов, 
Шымкент қаласы СЭБД басшысының орынбасары.
Пікір қалдырыңыз