Жаңа жобалар жетістікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»  атты халыққа Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық үлгіге өтуі бойынша бірқатар нақты тапсырма берген болатын. 

Президент айтқан ауқымды мәселелердің барлығы еліміздің экономикалық өсімі мен тұрмыстық әл-ауқатының жақсаруына бағытталды. 
Біздің басты мақсат – осы тапсырмаларды жүйелі түрде орындап, елеулі нәтижелерге қол жеткізу. Бұл орайда Ордабасы ауданында тындырымды тірліктер мен жүйелі жұмыстар атқарылуда. 
Қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев қазақ руханиятының қағбасына теңеген қасиетті мекен – Ордабасы ауданында биылғы жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім өндіру бойынша алдыңғы орыннан көрінді. Бүгінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты. 
Экономиканың басты көрсеткіші жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы жылдың 9 айында 119,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  25,6 млрд. теңгеге артты. Жан басына жаққанда жалпы өңірлік өнім 918,3 мың теңгені құрады. 
Сонымен қатар аудан бюджетінің жергілікті кірістер (контингент) көлемі де жыл сайын артуда. Биылғы жылдың кірістері өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд. 874 млн. теңгеге артты. 
2024 жылдың бюджет көлемі 18,1 млрд. теңге, оның ішінде өзіндік кірістер  5,6 млрд. теңгені немесе 31%-ды құрады. Ағымдағы жылдың 9 айымен кірістердің жоспары 105,4%-ға немесе 215,8 млн.теңгеге артығымен орындалды (жоспар - 4 млрд. 024 млн.тг, нақты түскені - 4 млрд. 240 млн.тг). 
Соңғы 2 жылда өзіндік кірістердің үлесі 7%-дан 31%-ға артты.
Биыл негізгі капиталға 42,2 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланып, 9 айдың қорытындысымен ауданға 30,2 млрд. теңге бағытталды, өсім 6,5 пайызды құрады. Оның ішінде, 3 ірі жоба, құны 4,2 млрд.теңгені құрайтын, 133 жұмыс орны ашылды. 
Жыл соңына дейін жүзеге асырылатын жобалар:
1. «Бөрте милка» компаниясының сауын сиыр басын 400 басқа, сүт зауытының қуаттылығын тәулігіне 10 тоннаға ұлғайту, құны 2,7 млрд. теңге, 18 жұмыс орны ашылды.
2. «JNRAY» компаниясының тігін фабрикасы, құны 1 млрд. теңге, 100 адам жұмыспен қамтылды.
3. «Borte Engineering» компаниясының тамақ өнеркәсібіне арналған өндірістік техникалық жабдықтар шығару фабрикасы, құны 500 млн. теңге, 15 адам жұмыспен қамтылды.
4. «Central Asia Aluminum» компаниясы алюминий бұйымдарын өндіру жобасы, құны             4,4 млрд. теңгені құрап, 200 жұмыс орны ашылды. 
5. «Dala Construction.kz» компаниясы қабырғаларға, еденге және төбеге арналған жылу оқшаулағыш материал (керамзит) өндіру жобасы, құны 1 млрд. теңге, 60 жұмыс орны ашылды. 
6. «Anuar Company» компаниясының қыш зауыты, құны 500 млн. теңге, 25 жұмыс орны ашылды. 
7. «Батыр Бетон» компаниясының темір бетон бұйымдарын және асфальт шығару жобасы, құны 450 млн. теңге, 25 жұмыс орны ашылды.
8. .«AMG Park» компаниясының балаларға арналған ойын алаңшаларын жинау жобасы, құны 400 млн. теңге, 26 жұмыс орны ашылды.
Туризм саласында:
1.«Темірші» демалыс аймағы (құны 1,0 млрд. теңге, ашылатын жұмыс орны - 30),
2. «Мақсат» демалыс аймағы  маусымдық сипатта (құны 850 млн.теңге, ашылатын жұмыс орны – 7),
3.«Ордабасы сапар орталығын» құру жобасы (құны 1,0 млрд.теңге, ашылатын жұмыс орны – 12),
4.ЖК Турдалиев жол бойы сервистік қызмет көрсету жобасы (құны 350 млн. теңге, ашылатын жұмыс орны – 18)
5. ЖК Ерболдың жол бойы сервистік қызмет көрсету жобасы (құны 300 млн. теңге, ашылатын жұмыс орны – 12)
Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс, қызмет көрсететін әртүрлі бағыттағы  30 жоба (4 әсемдік салоны, 2 тігін цехы, 3 желімдеу орны,  3 шлакаблок құю цехы, 4 тамақтандыру орны, 2 тойхана, 12 азық-түлік дүкені) іске асады.
Ордабасы ауданында жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу үшін 102,5 гектарды құрайтын инфрақұрылыммен қамтылған индустриялды аймақ құрылған.
Аймақта инвестициялық құны 27,7 млрд. теңгені құрайтын, 892 жұмыс орнымен 9 кәсіпорын орналасқан. Қазіргі уақытта 5 кәсіпорын іске қосылған («KazKioti», «KarlsKrona LC AB», «Александровский сад», «Green Technology Industries», «Gold Aluminum» ЖШС-тері). 
– 2 кәсіпорын іске асырылуда («RZN»  ЖШС-нің автоклавталған газоблок бұйымдарын өндіру жобасы, «CENTRAL ASIA  ALUMINUM» ЖШС-нің алюминий профильдерін өндіру жобасы)
– 2 жобаның құрылысы басталды («AMG Park» ЖШС-нің балаларға арналған ойын алаңшаларын жинау, «Steel Frame» ЖШС-нің металл өндірісі). 
Осы жобалар іске асырылған жағдайда ауданға 9,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, 312 астам жұмыс орындары құрылады.
Индустриялды аймақты қосымша 50 гектарға ұлғайту жоспарланып, қазіргі уақытта 15 га жер телімінің құжаттары рәсімделуде. 
Аймаққа орналасуға ниетті, құны 10,5 млрд.теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба бойынша 454 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ ауданның өнеркәсіп саласында ағымдағы жылдың 9 айында 29,4 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға артты.
2024 жылға өнеркәсіп өнімінің көлемін 37,5 млрд. теңгеге, өңдеу өнеркәсібінде өндіретін өнім көлемін 32,6 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда.
Ауданда шағын кәсіпкерлік саласы жақсы жолға қойылған. Мәселен, жұмыс істеп тұрған 14 735 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде 20 267 адам жұмыспен қамтылған. 2024 жылдың ІІ-тоқсанында кәсіпкерлермен өндірілген өнім 70,6 млрд. теңгені құрады немесе 40 пайызға артты.
Шағын несие ұйымдары арқылы 2 870 адам 3 млрд. теңгеге қаржыландырылса, «Ұлттық жоба» аясында 48 жоба  2 млрд. 577 млн. теңгеге қолдау тапты. Оның ішінде, пайыздық ставкасын субьсидиялау желісімен 33 жоба кепілдеме беру желісімен 15 жоба қолдау тапты. 
Сонымен қатар аудан экономикасының негізін ауыл шаруашылығы саласы құрайды. Салада ағымдағы жылдың 9 айында 54,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Атап айтқанда, жыл басынан бері мал шаруашылығында 19,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Соңғы 9 айдың қорытындысымен өнім көлемін 83,2 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда.
Аудан бойынша 71 мың 600 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, бүгінгі таңға 327 мың 260 тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды. Дәнді дақылдар – 37,2 мың га, майлы дақылдар – 5,2 мың га, мақта – 6,4 мың га, мал азықтық дақылдар – 17,2 мың га, көкөніс, бақша, картоп дақылдары  – 5,6 мың гектарға орналастырылды.
Бүгінгі таңда 27 092 гектар егістіктен (бидай) жалпы  62 мың тонна өнім жиналды, орта түсімі гектарына – 23 центнерден айналды.  
3114 гектар арпа дақылынан 4 мың тонна, 1 780 гектар бақша дақылынан – 39 мың тонна, 3 257 гектар көкөніс дақылынан – 80 мың тонна, 632 гектар картоп дақылынан – 13,2 тонна, 17 200 гектар мал азығы дақылдарынан – 129 мың тонна ауыл шаруашылғы өнімдері  жиналды.  
Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын ендіру тапсырмасы бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. 
Биыл су үнемдеу технологияларын ауданда   1 300 гектар егістік жерлерге ендіру жоспарланған. Қазіргі таңда, 1020 гектарға тамшылатып суару жүйелері қолданылуда (78%). 2025 жылға қосымша ірі 5 шаруа қожалығы 1 080 гектарға су үнемдеу технологияларын енгізуді жоспарлады. 
Ордабасы ауданында құрылыс саласы да қарқынды. Мәселен, құрылыс жұмыстарының көлемі ағымдағы жылдың 9 айында 13,2 млрд. теңгегені құрап, өсім 23,3%-ға өсті.
Биыл 2 ірі елді мекеннің жаңа шағын аудандарының (Шұбарсу 80 га, Темірлан 46 га ауыз су, электр желісі) жер телімдеріне инфрақұрылым жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылды.
Одан бөлек, жеке инвесторлар есебінен 14 елді мекеннің инфрақұрылымын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
Бүгінгі күнге ауданда тұрғын үй кезегінде 2 223 адам тіркелген. Кезектегі тұрғындарды тұрғын үймен қамту мақсатында жеке инвесторлардың есебінен Темірлан елді мекенінде 1 қабатты 26 (52 пәтер) және 3 қабатты 3 арендалық тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. 
Аудан халқының өзекті мәселелері – ауызсу, табиғи газ, электр энергиясы. Бұл тұрғыдан тұрғындардың талабы біртіндеп жолға қойылуда. Атап айтқанда, бүгінгі таңға 57 елді мекеннің 54 ауыз сумен қамтылып көрсеткіш 94,7%-ды құрады. 
Биыл сәуір айында Шұбарсу елді мекенінде ауыз су құрылыстарының 4-5 кезеңдері аяқталды. 
Ауданда ауыз сумен қамтылмаған 3 елді мекеннің (Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ) құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп (жалпы құны 770,9 млн. тг), облыстық салалық басқармаға қаржыландыруға сұраныс жолданды.
Осы жобалар іске асқан жағдайда 2025 жылы аудан тұрғындары таза, сапалы ауыз сумен 100% қамтылады. 
Дегенмен, ауданымызда ауыз су құбыры ескірген елді мекендер бар. 
Аталған мәселені шешу үшін, қайта құруды қажет ететін 6 елді мекеннің (Бадам, Бөген, Қарақұм, Төрткүл, Көкарал, Шұбар) жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыруға ұсыныс берілді.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта табиғи газбен 57 елді мекеннің 23-і қамтылып, елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 40,3% құрады.
Жыл соңына дейін қосымша 12 елді мекенді (Көлтоған, Төреарық, Аманкелді, Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай, Көкарал, Еңбекші Бөген, Көктөбе, Жеңіс) газға қосу жоспарлануда, нәтижесінде, елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 40,3%-дан 61,4%-ға артады.
Ал, электр энергиясы бойынша былтыр Шұбарсу ауылын электрлендіру құрылысы 3, 5-кезегі толығымен аяқталып пайдалануға беріліп (жоба құны 2 059,2 млн.тг), 5 984 абонент электр желісіне қосылды.  
14 елді мекеннің (Бөген, Елшібек, Төрткүл, Қызылжар, Бадам, Дербес, Ақбұлақ, Мамыр, Ұялыжар, Теспе, Ынтымақ, Қайнар, Темірлан, Шұбар) жаңа құрылыс аумақтарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп (жоба құны 1 344,1 млн.тг), облыстық салалық басқармаға өтінім ұсынылды. 
Ордабасы ауданы – тоғыз жолдың торабында орналасқан. Жол мәселесі бойынша аудан аумағында 1 432,1 шақырымды (республикалық маңызы бар – 73,3, облыстық маңызы бар – 242,8, аудандық маңызы бар – 93,6, ішкі көшелер – 1022,4 шақырым) құрайтын жолдар бар.
Жақсы және орташа жағдайдағы жолдардың үлесі 47,7% немесе 484,7 шақырым жол асфальтталған.
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 735,6 млн. теңге бөлініп, 8 елді мекендегі (Қараспан, Батыр ата, Көлтоған, Төреарық, Ынталы, Арыстанды, Амангелді, Қызылсеңгір) 44 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, аудандық бюджеттен 5 көшеге орта жөндеу, 2 көпірге ағымдағы жөндеу және Шұбарсу, Елшібек батыр, Көкарал, Төрткүл ауылдарының ішкі көшелерге тас төсеу жұмыстары жүргізіледі. 
Жыл қорытындысымен ішкі көшелердің қанағатты жағдайдағы үлесі 50,7 пайызға артады.
Сонымен қатар, 2 аудандық маңызы бар (Қараспан-Қалаш, Шұбар-Тоқсансай) автомобиль жолдары орташа жөндеуден өткізілуде. 
Келер ұрпақтың сауатты да білімді болуы бүгінгі мектептердегі қал-ахуалына тікелей байланысты.  Осы тұрғыда аудандағы 74 мектепте (66 мемлекеттік, 8 жекеменшік) балалардың білім алуына барлық жағдай қарастырылған. Бүгінде 3 мектептің құрылысы жүргізілуде (Қызылжар, Төрткүл  (300 орынды) және Шұбарсу (600 орынды). 2 мектеп (Қызылжар, Төрткүл) ағымдағы жылы, 1 мектеп (Арал-Эко) келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, аудан аумағында аудандағы жаңадан 5 мектептің ( 4 200 орынға) құрылысы жүргізіледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл Ақбұлақ ауылындағы мектеп келесі жылы қалған 4 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 
Сонымен қатар, мемлекетке қайтарылған қаржы есебінен Темірлан ауылынан 300 орынды жаңа өнер мектебін салу жоспарланып отыр. Жаңа жоба өнер саласына қосымша серпін береді деп күтілуде. Балалар жайлы ортада музыкамен, хореографиямен айналысуға мүмкіндік алмақ.
Халықтың денсаулығы әрдайым басты назарда. Сол үшінде ауданда соңғы жылдары бірқатар денсаулық нысандардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 3 медициналық нысанның құрылысы басталды. Нәтижесінде, аудан бойынша денсаулық сақтау нысандары толық жаңартылады. 
Қазіргі уақытта аудан тұрғындарына 45 мәдени нысан (14 мәдени нысан, 31 кітапхана) қызмет көрсетеді. Өткен жылы Қарақұм ауылына 160 көрерменге арналған ауылдық Мәдениет үйі (кітапханасы бар) пайдалануға берілді. 
Биыл 2 (Ақбұлақ, Шұбарсу) мәдениет ғимараттары ағымдағы жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Қызылжар Мәдениет үйі 2025 жылға өтпелі. 
Сондай-ақ, спорт саласы бойынша 3 нысан 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға 
беріледі. 
Жеке инвесторлардың есебінен 2023 жылы 8 спорт нысаны, биыл 5 спорт нысаны пайдалануға берілді. Сонымен қатар 5 елді мекеннен (Шұбар, Бөржар, Көктөбе, Шұбарсу,Темірлан) спорттық-сауықтыру кешені құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыруға облыстық салалық басқармаға сұраныс жолданды. 
Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың 9 айында 1 550 жұмыс орны ашылып, тұрғындарды жұмыспен қамту шаралары кеңінен жүзеге асырылуда. Биыл «Еңбек» бағыты бойынша 5 мың 455 адам  жұмыспен қамтылып, 983 отбасыға 316 млн. 797 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетті. 
Көктем мезгілінде бастау алған «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясына аудан көлемінде 15 мыңға жуық адам қатысты. 70 техника жұмылдырылып, 17 275 тал әктелді. 487 шақырымды құрайтын аяқ жолдар тұрақты тазаланды. 44 аялдама реттеліп сырланды. Өзен, канал мен бұлақтардың арналары жиналып тазаланды. 12 саябақ аллея тазаланды. 400 тоннаға жуық күл-қоқыстар шығырылды.

Азат ОРАЛБАЕВ.  
Ордабасы ауданының әкімі.
Пікір қалдырыңыз