Төлқұжатты қысқа мерзімде ала аласыз

Төлқұжат алу үшін тіркеу орнына қарамастан ХҚКО-ға жүгіну қажет.

Жыл басынан бері Түркістан облысында 200 мыңға жуық жеке куәлік пен төлқұжат берілді. Көбіне облыс тұрғындары маусым айында мемлекеттік қызмет алу үшін ХҚКО - ға 24 610 рет жүгінген.

Төлқұжат алу үшін тіркеу орнына қарамастан ХҚКО-ға жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет. Төлқұжатты дайындағаны үшін мемлекеттік баж 8 АЕК (29 536 теңге) - 36 бет, 12 АЕК (44 304 теңге) - 48 бет құрайды. 24 беттен тұратын балалар паспортын дайындағаны үшін баж 4 АЕК (14 768 теңге) құрайды.   Қызмет көрсету мерзімі - 15 жұмыс күні. Сонымен қатар, құжатты дайындауды жеделдету үшін қосымша ақы төлеуге болады.

Жеке куәлік азаматтарға 16 жасқа толғаннан кейін беріледі. Жеке куәлікті алған немесе ауыстырған кезде өзіңізбен бірге төлқұжат болғаны жөн. Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж 0,2 АЕК немесе 738,4 теңгені құрайды. Сондай-ақ, құжатты Түркістан қаласы үшін жедел дайындауға тапсырыс беру арқылы алуға болады:

- жеделдіктің бірінші санаты - үш жұмыс күніне дейін-3 372 теңге;

- жеделдіктің екінші санаты - бес жұмыс күніне дейін-1 771 теңге.

Аудандар мен қалалар үшін үшінші санат қолжетімді: 7 жұмыс күніне дейін 678 теңге қосымша ақы төленеді.

Облыс орталығында азаматтар қызметті 160-квартал 236 мекен - жайы бойынша орналасқан №1 бөлімде ала алады. Естеріңізге сала кетейік, бөлім кезекші бөлім болып табылады. Ол дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00 - ден 20:00-ге дейін, ал  сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Пікір қалдырыңыз