Ел бірлігін нығайтуға арнады
Түркістанда ел бірлігін нығайтуға арналған алқалы жиын өтті. Жиында жастарды игі істерге жұмылдыру жолдары кеңінен талқыланды. Қоғамдық-саяси ахуал, этносаралық қатынас мәселесін қараған штаб отырысында бұдан басқа да мәселелер көтерілді.
Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Осы орайда басқарма, аудан әкімдігі қызметкерлеріне жүктелетін міндет көп» деді. Облыстағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына мән беріп, оны бақылауда ұстап отыру қажеттілігі баса айтылды.
Ең басты мәселе – тұрғындардың талап-тілектері мен өтініштеріне дер кезінде үн қату қажеттігі ескертілді. Халық тығыз қоныстанған елді мекендерге талдау жасау, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мәселесімен шындап айналысу тапсырылды. Осы орайда оларды мемлекеттік бағдарламаларға мейлінше көп қатыстыру қажеттігін ескертті.
– Биыл колледждерге 15 мыңнан астам мемлекеттік тапсырыс бөлінген. Грант жеткілікті. Жастарды білімге тарту бағытындағы жұмыстар жандандырылсын, – деді облыс әкімінің орынбасары. Мәжілісте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев баяндама жасады.
Ал, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Сәдібаев, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев аудандағы саяси ахуал туралы хабарлады.