Тәтті сусындар туралы не білеміз?


 

Газдалған тәтті сусын – сусынның жақсы сақталуы үшін консервант ретінде қолданылатын көмірқышқыл газымен қаныққан минералды немесе хош иісті тәтті судан жасалған  алкогольсіз сусын.

Газдалған тәтті сусын құрамы сыртқы жапсырмаларда көрсетілген бояғыштар, химиялық қоспалар, тұрақтандырғыштар, қышқылдар, консерванттар, көмірқышқыл газы және судан тұрады. Жасанды дәмдеуіш қоспалардың барлығы сусындарға әртүрлі дәм береді. Бірақ олардың құрамында табиғи жемістердің қоспасы жоқ.

Тәтті сусындарды үнемі және шамадан тыс тұтынудың салдары артық салмақ пен семіздікке әкелетіні дәлелденген. Мұның себебі – тәтті дәм беру үшін сусындарға қосылатын қанттың шамадан тыс көп болуы. Бір стакан тәтті сусынның құрамында 5 ас қасық шамасында қант болуы мүмкін.

Тәтті газдалған сусындарды ұнататындарға семіздік қана емес, қант диабетінің дамуы да қауіп төндіруі мүмкін. Газдалған сусынды үнемі тұтыну кариестің дамуына әкеледі, гастрит және бүйрек ауруларын тудырады, бауырды зақымдайды. Газдалған сусындар шөлді қандырмайды, ол тек өзіне құштарлық тудырады. Сұйықты көп мөлшерде қабылдау, ағзадағы сулы-тұзды балансты бұзады. Оның әсерінен май алмасуында өзгерістер болып, қандағы холестерин мөлшері көбейіп кетеді. Ол атеросклероз және жүрек-қан тамырларының ауруларына әкеліп соғуы мүмкін.

Газдалған сусындарда сергіткіш зат ретінде кофеин қосылады. Ол балаларда қосымша жүйке жүйесінің қозуын туындатады.

Жалпы, газдалған тәтті сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасындағы кальций, темір секілді ең маңызды элементтерді жояды. Мұндай сусындарды балаларға мүлде бермеген жөн.

Тәжірибе көрсеткендей, газдалған сусын құрамына кіретін химиялық заттардың әсерінің күштілігі сонша, олар майды ерітеді, жұмыртқа қабығын жұмсартады, тот басқан темірді тазартады. Осыдан  бұл химиялық заттардың біздің ағзамызға қаншалықты  қауіпті екендігін білуге болады.

Газдалған тәтті сусындарды тек балалар ғана емес, сонымен қатар бала емізетін және жүкті әйелдерге де тұтынуға болмайды. Үйде жеміс жидектерден компот пен сусындар дайындап немесе газсыз артезиан суын ішкен дұрыс.

Өз денсаулығыңызды, сондай-ақ балалар мен жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыз!

А. АХМЕТОВ,

Шымкент қаласының СЭБД басшысының орынбасары.

1 пікір

  • Jessica Aniston
    Jessica Aniston

    CAN I GET MY LOST OR SCAMMED BITCOIN BACK? YES, LOST RECOVERY MASTERS WILL SOLVE ALL YOUR PROBLEM. I had 6.02 BTC in one of my Bitcoin wallets that I thought was lost for good. I’d sent my laptop to a variety of top data recovery firms, but with no luck. After seeing a positive comment about Lost Recovery Masters on “Google search ”, I decided to try to recover my wallet one last time. Lost Recovery Masters were very responsive, and they recovered my wallet in just a few hours. Lost Recovery Masters acted honorably and in accordance with our agreement. I would highly recommend using Lost Recovery Masters services. They recover any lost Cryptocurrency no matter how you lost it . Scammed or lost password they will recover it. Contact them on: Whatsapp: (+44(7537)-105921) Email: (Support@lostrecoverymasters.com) Website: https://lostrecoverymasters.wixsite.com/recoverbitcoin2024

Пікір қалдырыңыз