Биыл 16 мың қандас тарихи Отанына оралды

Еліміз өз алдына тәуелсіздігін алған 1991 жылдан бастап өзге жұрттағы қандастарымыз атамекендеріне орала бастады. Кезінде тағдырдың теперішімен туған топырағынан жырақтап, әлемнің әр еліне тарыдай шашыраған қандастарымыз бен олардың ұрпақтары атажұртына сарғайған сағыныштарын арқалап келіп жатты. 

БҰҰ-на мүше 193 мемлекеттің ішінен тек қана төрт мемлекет репатрианттардың тарихи Отанына оралуымен мемлекеттік деңгейде айналысса, Қазақстан соның бірі және бірегейі болып, Германия, Израиль жəне Ресей Федерациясымен үзеңгілес жұмыс атқарды.
1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Алматы қаласында дүние жүзі қазақтарының 1-ші құрылтайы өтіп, оған әлемнің 13 елінен 1200 қазақ қатысты. Сол Құрылтайда дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Бұл қазақ көшінің жандануына өзіндік ықпалын тигізді. Содан бері көш әлі толастаған жоқ. Атамекеніне ағылған қазақ саны арта түсуде. Бір қуанарлығы, олар өздерімен бірге қазақтың жоғалуға айналған кейбір салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын да алып келді. Тарихи Отанынан жүздеген жылдар бойы сырт жүрсе де, өзінің ұлттық мәдениетін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып атадан балаға мирас етіп, этномәдени мұраларының қалпын бұзбай келе жатқан ұлттық нақыштағы дәстүріміз, өнеріміз қазақ мәдениетінің кейбір ұмыт бола бастаған тұстарын толықтырып, жандандыруда. 
Соңғы ресми мәліметтер 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 16 408 этникалық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алғанын көрсетіп отыр. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн. 123,5 мың этникалық қазақ оралған. Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,7%)  – Өзбекстаннан, 19,3%-ы – Қытайдан, 10,9%-ы – Моңғолиядан, 7,7%-ы – Ресейден, 6,3%-ы  Түрікменстаннан және 2,1%-ы басқа елдерден. Олар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. Атап айтқанда, 27,8 пайызы Алматы, 12,8 пайызы Маңғыстау, 6,4 пайызы Түркістан және 4,8 пайызы Жамбыл облыстарына қоныстанды. Қалғандары Астана, Алматы, Шымкент қалаларына орналасты. Айта кетерлігі, Өзбекстаннан келгендердің көбі Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарын таңдаса, Қытайдан келген қазақтар негізінен Алматы облысында шоғырланған. Сонымен қатар біраз бөлігі  Шығыс Қазақстан, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында тұрып жатыр.
Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны — 61,2 пайызды, еңбекке қабілетті жастан кіші  30,3 пайызды және зейнеткерлер  8,5 пайызды құрайды. 
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,5 пайызы жоғары білімді, 34,4 пайызы орта кәсіби білімді, 41,5 пайызы жалпы орта білімді және 8,6 пайызының білімі жоқ.
Негізінен Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары еңбек күші  тапшы өңірлерге жатады. Бұл өңірлерге биыл 1 925 қандасты қабылдау квотасы бөлінген. 1 қазанға дейін 1 870 қандас осы жақтарға қоныс аударды. Қоныс аударушылар саны ұлғайса, квота мөлшері де ұлғайтылуы мүмкін. Бұл өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Атап айтқанда, бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде, тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде жәрдемақы беріледі.
«Елге ел қосылса – құт» демекші, мұны қатарымызды толықтырып, халық өсімін көбейтіп жатқандарға мемлекетіміз тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау десек артық болмас. Жыл басынан бері 1254 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 522 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1254 адам бір жолғы субсидия алды, ал 513 қандасқа тұрғын үй шығындары субсидияланды.
Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды.
Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50 пайыз немесе бір отбасына 4 млн. теңгеге дейін мөлшерде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.
Осы жылы пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы «Бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылды. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады.
Ресми дерек көзі хабарлағандай, бүгінгі таңда республиканың шетелдердегі мекемелері арқылы этникалық қазақтардан жаңа форматта 2 037 өтініш (681 отбасы) қабылданыпты. Ал бұл «өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде  ұлтан болуға», атажұртқа оралуға ниет білдіретіндер саны әлі де аз еместігін көрсетеді.

Саясат бөлімі.

1 пікір

  • vanvical
    vanvical

    МЕНІҢ КУӘЛІМДІ ОҚЫҢЫЗ Менің атым Алия Ахмед, қазақстандық, жалғыз басты, күйеуім қайтыс болғанға дейін бізге сонша қарыз қалдырды, мен қатты қарызды қалай өтерімді білмей, абдырап қалдым. Бір күні интернетті ақтарып отырып, мен Мариямның Albaker несиелік фирмасының несие алуға қалай көмектескені туралы куәлігін көрдім. Сондықтан мен компанияның поштасы арқылы 5 жылға 85 000 доллар несие алуға өтініш бердім ( albakerloanfirm@gmail.com ). Мен үшін не істегенін әлем білсін, мені таң қалдырды, 48 сағаттан аз уақытта менің несием 2% пайыздық мөлшерлемемен бекітілді. Қазір күйеуімнің қарызын өтеп, жеке өмірімді, бизнесімді бастадым. Мен жай ғана уәдемді орындадым. Сонымен, кем дегенде 2% несиенің кез келген түрін алғыңыз келсе, Albaker несиелік фирмасына оның электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз ( albakerloanfirm@gmail.com )

Пікір қалдырыңыз