Жерді жаяу аралап шығуға қанша уақыт қажет?

Уақыт пен мүмкіндік болса, Жер шарын айналып, саяхаттап келгенге не жетсін?!   Алайда, бүкіл әлемді өз аяғымен аралап шығу үшін кез келген адам тәуекелге бара алмайды. Дегенмен, денсаулығы мықты адамға біздің бүкіл ғаламшарды айналып өту үшін қанша уақыт керек екенін жай қиялдап, көз алдымызға елестетіп көрелікші.
Сонымен, алдымен жүріп өтуге тиіс қашықтықты анықтап алайық. Бұл экваторлық сызықтың ұзындығына тең, яғни 40 000 шақырым. Егер сіз орташа жылдамдықпен сағатына 
5 шақырым жүрсеңіз, сізге 8000 сағат қажет болады. Күніне 8 сағаттық жаяу жүру есебінен біз 1000 күн немесе 2 жыл және 9 ай аламыз. Осылайша, егер сіздің денсаулығыңыз мықты болса, қиындықтарды жеңуге дайын болсаңыз және үш жылдай бос уақытыңыз болса, онда сіз серуендей аласыз! Әйтсе де, бұл, әрине, тек теориялық есептеулер, іс жүзінде бұдан, әрине, әлдеқайда күрделі болады.
Мұндай керемет жаяу серуенге шыққан алғашқы адам британдық Роберт Гарсайд. Ол Нью-Делиден шығып, 48 000 шақырым жерді жаяу еңсеріп, 5 жыл 8 айдан кейін осы орынға қайтып оралды. Әрине, ол теңіздер мен мұхиттарды кемелермен немесе ұшақпен басып өтті, бірақ, бәрібір тау өткелдерін бағындырып, ну ормандар мен сусыз шөлейт далаларды кесіп өтіп, 50 жұп аяқ киім тоздырды.

Пікір қалдырыңыз