Түркістан облысы әкімі Ө.Е.Шөкеевтің Кентау қаласының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер

№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалу барысы (3 айлың қорытындысы)
|
Тұрғын үй және коммуналдық саласы |
||||||
1 |
Қаламызды газдандыру мәселесі нақты қашан шешіледі? (Кентау қаласының
тұрғыны, Юлдашев Мамиржан Тел: 87014921305) |
Абоненттерді
газға толық қосу жұмыстарын жүргізу (Наурыз
айының 30 күні АГТС нысанын магистралдық газ құбырына қосылу (врезка) және
газбен толықтыру (заполнения) жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда БМГЖ және
Интергаз мамандарымен бірлесіп, №14 «Қызыләскер» АГТС газбен іске қосу
(горячий запуск) жұмыстары атқарылуда.
Жоғарыда айтылған
жұмыстар толыққанды аяқталғаннан кейін қала аумағындағы ішкі орам жүйелерін,
яғни жоғарғы қысымды сақиналау және 1-кезең нысандырын (қазіргі таңда ауа
қысымымен тұр) ауа қысымын шығарып, газбен толтыру жұмыстары басталады.
Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін тұрғындар Яссауи, 85 мекен-жайындағы 2
қабат, 6 кабинетінд орналасқан «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы бөлімшесінен
техникалық шарт алып, дербес шот ашып (үй ішілік құрылыс монтаж жұмыстары
аяқталса) газға қосылса болады). |
желтоқсан, 2023 жыл |
Түркістан облысының энергетика
және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен
пайдалануға беру |
Қазіргі таңда Кентау қаласы табиғи
газбен қамтылып, қала аумағында тұтынушы санын көбейту жұмыстары жүргізілуде,
«КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға 720 тұтынушы техникалық шарт алу үшін өтініш
берген. |
2 |
Қалаға кіре берістегі кәріз тазарту станциясының орналасқан жерін
басқа жаққа ауыстыруға мүмкіншілік барма? (Кентау қаласының тұрғыны, Молжигитов Мұхтар Тел: 87014749786)
|
1.1.
Кентау қаласындағы кәріз тазарту станциясы мен кәріз жүйелерін қайта
құру ЖСҚ әзірлеу. 1.2.
Сараптама қорытындысын алу. 1.3.
Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 1.4.
Құрылыс жұмыстарын жүргізу. (Кентау
қаласының тұрғындарын орталықтандырылған кәріз су құбырына қосу үшін «Кентау
қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының
құрылысы» жобасын іске асыруға, жобаның техникалық экономикалық негіздемесін
(ТЭН) келісу жұмыстары және жобалау-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары
жүргізілуде.) |
1.1.
қазан, 2022 ж. 1.2.желтоқсан,
2022 жыл 1.3.
ақпан, 2023 жыл 1.4. маусым,
2023 жыл |
Түркістан облысының энергетика
және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен
пайдалануға беру |
Бүгінгі күнге дейін «Кентау қаласындағы
кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобаның
техникалық экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеу үшін қаржы қарастырды, Мердігер
ЖШС «Улмад». Кентау қаласындағы кәріз
тазарту станциясы мен кәріз жүйелерін қайта құруына ЖСҚ әзірлеуіне 29 963 мың
тг. бөлінген. Мердігер ЖШС «Институт инженерного проектирования». |
3 |
Алтынсарин көшесіндегі №5 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына спорттық
алаңшалар салу мәселесі қашан шешімін табады? (Кентау қаласының тұрғыны, Жазденбаев Ерлан Тел: 87028185331) |
Көпқабатты
тұрғын-үйдің ауласына спорттық алаңша салу. (2022 жылы Кентау қаласында 33 көпқабатты
тұрғын-үй аулаларында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында спорттық
алаңшалар (футбол алаңы, стрит бол, стрит воркаут, балалар алаңшасын) салу
жоспарланған. Аталған 33 ауланың ішінде Алтынсарин көшесіндегі №5 көпқабатты
тұрғын үйдің ауласы да қарастырылған).
|
маусым-қыркүйек,
2022 жыл |
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен
пайдалануға беру |
33 ауланың ішінде Алтынсарин
көшесіндегі №5 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы да қарастырылған. Бүгінгі таңға,
аталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй
коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан конкурс өткізу жұмыстары
рәсімделуде. |
4 |
Шұғыла мөлтек ауданының құрылғанына аз уақыт болса да көшіп келіп
жатқан халық көп. Оның ішінде оқушы балдарда аз емес. Көшелеріміздің
жарықтандыру мәселесін айтып жүргенімізге де біраз уақыт болды. Осы мәселе
нақты қашан шешіледі? (Кентау қаласының тұрғыны, Сайдуалиева Жанар |
Шұғыла
мөлтек ауданының көшелеріне жарық шамдарын орнату. (2022 жылға
қала көшелеріне (Шұғыла м.а, №69, 74 орам.) жарық шамдарын орнату жұмыстарына жергілікті бюджеттен 30,4 млн. теңге
қарастырылған. Соның ішінде Шұғыла мөлтек ауданы қамтылған. Жарық шамдарын
орнату жұмыстарын ағымдағы жылдың сәуір айының ортасында бастау жоспарлануда).
|
мамыр 2022 жыл |
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен
пайдалануға беру |
Ағымдағы жылы, Шұғыла, Болашақ,
Жұлдыз, 68, 69, 74 мөлтек аудандарын жарықтандыру мақсатында мердігер
«Rah-Man Holding» ЖШС-і мен келісім шарт түзілді. Келісім шартқа сәйкес
орнатылуы қажет барлық жарық шам толыққанды орнатылды. |
5 |
Біздің үйлер СССР кезінде соғылған, үйлердің қасбеттері, шатырлары,
есіктері шаршаған, көрші мөлтек аудандағы үйлерді 2021 жылы жөндеу жұмыстарын
жүргізген, бізге қашан жасайды? (Кентау қаласының тұрғыны, Таукеева Кульпан |
1.1.
Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 1.2.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу. (Кентау қаласында 92 көппәтерлі тұрғын үйлерді
жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық бюджеттен 2023 жылға қаржы
қарастыруға өтінім берілді. Қаражат қарастырылған жағдайда тиісті жұмыстар
жүргізіледі.) |
1.1. қазан, 2022 жыл 1.2.
2023-2024 ж.ж. |
Түркістан облысының энергетика
және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен
пайдалануға беру |
Кентау қаласында 92 көппәтерлі
тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық бюджеттен
2023 жылға қаржы қарастыруға өтінім берілді. Қаражат қарастырылған жағдайда
тиісті жұмыстар жүргізіледі. |
6 |
Шоқтас ауылының
жанында орналасқан саяжайды жарықтандыру мәселелері
(Кентау қаласының тұрғыны, Ахметгалиева Мадина Тел:87058477658) |
1.
Шоқтас саяжай алқабына статус беру. 2.
Саяжайды жарықтандыру мәселелері (Шоқтас
саяжай алқабын Хантағы ауылына қосу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып,
келісімге ұсынылды. Оң шешім қабылданған соң елді мекен статусы берілетін
болады. Статус алынған соң жарықтандыру, абаттандыру, т.б. жұмыстары
жүргізіледі.) |
1.1. желтоқсан, 2022 жыл 1.2. 2024 жыл |
Түркістан облысының энергетика
және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен
пайдалануға беру |
Сауран ауданы аумағынан жалпы көлемі
75,5 мың гектар жерлерді Кентау қаласының шекарасына қоса отырып 128,3 мың
гектар жерге өзгерту мақсатында тиісті құжаттары облыстық мәслихаттың кезекті
сессиясыда қаралып, ҚР Үкіметіне тиісті құжаттармен жолданған ұсыныс қайта қарау үшін кері қайтарылды. Осы мәселе оң шешімін тапқан жағдайда,
Шоқтас саяжай алқабының жер көлемі Хантағы ауылына қосылып, елді мекен
статусы берілетін болады. Статус алынған соң жарықтандыру, абаттандыру, т.б.
жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда саяжайға интернет желісі тартылған. |
Білім саласы |
||||||
7 |
Биылғы жыл Президентімізбен «Балалар жылы» болып жарияланды. Алайда,
балаларымыздың бос уақыттарын тиімді өткізу, қосымша білім алу мен
үйірмелерге қатысуы өте өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай қала оқушыларына
тегін үйірмелер мен секциялар қарастырылады ма? (Кентау қаласының тұрғыны, Кульбаева Арайлым Тел:87781759293) |
Қала оқушыларына тегін үйірмелер мен секциялар
ашу. (2022 жылы кружок, секцияларға облыстық
бюджеттен 7 000 орынға мемлекеттік
тапсырыс қаралуда. Сондай-ақ, спорт саласына 13 000 орынға және мәдениет саласына 3 865 орынға мемлекеттік тапсырыс қаралған.
Мемлекеттік тапсырысты бөлудің нәтижесінде, қосымша білім берумен
қамтылатын балалардың үлесі 66%-ға
жеткізіледі деген жоспар бар.) |
қыркүйек, 2022 жыл |
Облыстық адами әлеуетті дамыту
басқармасы |
Тегін үйірмелер мен секциялар ашу |
2022 жылы қыркүйек айынан
бастап мемлекеттік тапсырыс жүзеге асырылып, қосымша білім берумен қамту
жүргізіледі |
Мәдеинет саласы |
||||||
8 |
Қарнақ ауылына мәдениет үйін салу мәселесі нақты қашан шешіледі? (Кентау қаласы, Қарнақ ауылының тұрғыны, Маматраимов
Асилзада Тел: 87053666164)
|
1.1.
Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін
қарастыру. 1.2.
Қарнақ ауылынан мәдениет үйін салу үшін
әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың жарамдылық мерзімі аяқталуына
байланысты қайта жаңартуға бюджеттен қаржы қарастыру; 1.3.
Мемлекеттік сараптамадан өткізу; 1.4.
Құрылыс жұмыстарын жүргізу. (Қарнақ ауылында клубтың ғимараты апатты деп танылып, клуб өз жұмысын
әкімшілік ғимаратында жалғастыруда. Дегенмен, ауылға 300 орындық мәдениет
үйін салу жоспарланған. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін 2016 жылы 609,0
млн.теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Жобаға сәйкес 300
орындық мәдениет үйі заман талабына сай жабдықтармен жабдықталады және
кітапхана сол мәдениет үйі ішінен ашылады. 2016 жылы алынған мемлекеттік
сараптама қорытындысы қазіргі таңда жарамдылық мерзімі аяқталуына орай, қайта
жаңарту мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қаралуда. Алдағы уақытта
мемлекеттік сараптама қорытындысы жаңартылып, «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы
бойынша облыстан қаржы қаралып, заңға сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады.) |
1.1
мамыр, 2022 жыл 1.2
тамыз,
2022 жыл 1.3
қараша, 2022 жыл 1.4
тамыз, 2023 жыл |
Облыстық құрылыс басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен
пайдалануға беру |
2016 жылы алынған мемлекеттік
сараптама қорытындысы қазіргі таңда жарамдылық мерзімі аяқталуына орай, қайта
жаңарту мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қаралды. Қарнақ ауылында 300
орындық мәдениет үйі құрылысы ЖСҚ жаңарту мақсатында Кентау қалалық құрылыс
бөлімі және Мұра-жер бас жобалаушы мекемесі арасында 14.06.2022 жылы 3739,0
мың теңгеге келісімшарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта
мемлекеттік сараптама қорытындысы жаңартылып, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы
бойынша облыстан қаржы қаралған жағдайда, заңға сәйкес жұмыстар жүргізілетін
болады. |
Жер қатынастары саласы |
||||||
9 |
Кентау қаласына қарасты Байылдыр, Хантағы, Ащысай ауылдарының жайылымдық
жерлерін кеңейту жұмыстары қалай шешімін таппақ? (Кентау қаласының тұрғыны, Дюсенбаев Пернебек Тел: 87759521034)
|
Кентау
қаласының жайылымдық жерлерін ұлғайту жұмыстарын аяқтау. (Кентау қаласына қарасты Байылдыр, Ащысай және
Хантағы ауылдарында ортақ жайылым жер көлемін ұлғайту мақсатында, Сауран
ауданы аумағынан жалпы көлемі 75,5 мың гектар жерлерді Кентау қаласының
шекарасына қоса отырып 128,3 мың гектар жерге өзгерту мақсатында тиісті
құжаттары Түркістан облысының әкімдігіне және облыс мәслихатына жолданып,
бүгінгі таңда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясыда қаралып, тиісті
келісімдемелерге ұсынылды. Алдағы уақытта шекараға өзгерістер енгізіліп, жұмыстар
толығымен аяқталған соң ауылдарға іргелес жайылымдық алқаптар зерделеніп,
ортақ жайылым үшін ауылдарға бекітілетін болады. Жоспарда көрсетілген 14,5
мың га жерді жыл соңына дейін орындау жоспарда бар). |
желтоқсан, 2022 жыл |
Облыстық жер қатынастары
басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Жайылымдық жер бөлу |
Кентау қаласына қарасты Байылдыр, Ащысай және Хантағы
ауылдарында ортақ жайылым жер көлемін ұлғайту мақсатында, Сауран ауданы
аумағынан жалпы көлемі 75,5 мың гектар жерлерді Кентау қаласының шекарасына
қоса отырып 128,3 мың гектар жерге өзгерту мақсатында тиісті құжаттары
Түркістан облысының әкімдігіне және облыс мәслихатына жолданып, бүгінгі таңда
облыстық мәслихаттың кезекті сессиясыда қаралып, тиісті келісімдемелерге
ұсынылды. Кентау қаласы мен Сауран ауданының
шекараларын өзгерту бойынша ҚР Үкіметіне тиісті құжаттармен жолданған ұсыныс қайта қарау үшін кері қайтарылып, жұмыстар
жүргізілуде. |
Жол және қоғамдық көлік саласы |
||||||
10 |
Кентау қаласы, Ә.Бөкейханов көшесінің тұрғынымын. Біздің көшеге жөндеу
жұмыстары қашан жүргізіледі? (Кентау қаласының тұрғыны, Асанов Бағлан Кеңешбекұлы 87475795050) |
Ә.Бөкейханов
көшесінің жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, мерзімінде аяқтау. (2022 жылы
Кентау қаласында мемлекеттік-жекешелік әрітпестік аясында 29 көшені жөндеу
жоспарлануда. Сол 29 көшенің ішіне Ә.Бөкейханов көшесі енгізетін болады.
Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталып, шілде айында аяқтау
жоспарлануда) |
шілде, 2022 жыл
|
Кентау қаласының әкімдігі
Облыстық жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасы |
Нысанның қабылдау актісі мен
пайдалануға беру |
Ә.Бөкейханов көшесіне жөндеу жұмыстары
ағымдағы жылдың мамыр айында басталды, шілде айының соңына дейін аяқтау
жоспарлануда. |
11 |
Қоғамдық көліктер қашан жаңартылады және Кентау-Ащысай тас жолының
жөндеу жұмыстары қашан аяқталады? (Кентау қаласының тұрғыны, Хамидуллина
Сабида Тел: 87058928347)
|
Кентау-Ащысай тас жолын
жөндеу жұмыстарын аяқтау. 1. (Кентау қаласының бағыттарына жалпы 2. Құсшы ата-Ойық елді мекендері
аралығындағы 34,0 шақырым жолды күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігердің жұмысын
дұрыс орындамауына байланысты келісім-шартты бұзу жұмыстары
жүргізілуде. Қайтадан конкурс жариялап, мердігерді анықтау жұмыстары ұзақ мерзімді қажет етеді. Осыған
орай, қазіргі таңда күрделі жөндеуден
ағымдағы жөндеу жұмыстарына ауыстырып, тиісті сметалық құжаттары әзірленуде.
Аталған жұмыстар басталғанға дейін жолдың ойық-шұңқырлары жамалып, орындары
ретке келтірілетін болады. |
желтоқсан, 2022 жыл |
Кентау қаласының әкімдігі
Облыстық жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен
пайдалануға беру |
1. Кентау
қаласындағы қоғамдық көліктерді жаңарту 2021 жылы жергілікті тасымалдаушы «Тұлпар-2030» ЖШС-і
тарапынан 2 автобус жаңартылған (6,5%). 2022 жылға қосымша 3 автобус әкелуге
аталған мекемемен тапсырыс берілді. Алайда, жылдың басындағы оқиғаларға байланысты,
өндіруші (Ресей) мемлекетінің шекарасы жабық болғандықтан, тапсырыс берілген
көліктер тапшы болып, жоспарланған көліктерді сатып алу мүмкін болмады. Қазіргі таңда, Түркістан
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы тасымалдаушы мекеме тарапынан
Кентау қаласында қалаішілік және қаламаңы бағыттарына қатынайтын 15 жаңа
қоғамдық көліктерді жаңарту бойынша келіссөздер жүргізді. Бүгінгі таңда
Түркістан ӘКК-сы тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілуде, алдағы уақытта
Түркістан ӘКК-сы тарапынан қоғамдық көліктерді лизингке беру бойынша ұсыныс
беріледі. 2. Кентау-Ащысай тас жолын жөндеу жұмыстарын аяқтау Түркістан облысының жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ӨК» ЖШС-гі тарапынан
Сауран ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-56 «Жамбыл облысы
шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай-Р-31» автомобиль жолының 76-91 шақырымына
(Ащысай ауылы мен Ойық ауылының аралығы
(15 шқ) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы бекітілген
өндірістік жұмыс кестесіне орай, қазіргі таңда фрезалау жұмыстары жүргізіліп,
8,3 шқ бірінші қабат асфальт (ірі
түйіршікті) жабындысы төселініп, 5,5 шқ екінші қабат асфальт (ұсақ түйіршікті) жабындысы төселініп
жұмыстар жалғасуда. Жөндеу жұмыстары тамыз айында толық аяқталып, қыркүйек
айында нысан пайдалануға
беріледі. Сонымен
қатар, аталған жолдың 91-124,1 шқ аралығын (Ойық елді мекенімен Құсшы ата елдімекен аралығы) бүгінгі таңда
басқарма тарапынан орташа жөндеуден өткізуге сметалық құжаттамасына
ведомствалық сараптама қорытындысы алынып, орташа жөндеу жұмыстарына қаржы
бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. |
12 |
Мұратбаев көшесі жөнделгенде бас жағы жөнделмей қалып кетті. Мен сол
Мұратбаев көшесінің басында тұрамын. Көшемізге асфальт қашан төселеді? (Кентау қаласының тұрғыны, Кадирова Бақытгүл |
Мұратбаев көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын
жүргізу. (2022 жылы Кентау қаласында
мемлекеттік-жекешелік әрітпестік аясында 29 көшені жөндеу жоспарлануда. Сол
29 көшенің ішіне Мұратбаев көшесі енгізілген. Жөндеу жұмыстары ағымдағы
жылдың мамыр айының ортасында басталады) |
маусым 2022 жыл |
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен
пайдалануға беру |
Мұратбаев көшесін жөндеу жұмыстары
ағымдағы жылдың мамыр айының ортасында басталып, маусым айында аяқталды. |
Құрылыс |
||||||
13 |
Подземный рудник нашего города. Глубина бывших шахт была около
километра. Мы слышим, что уровень воды в шахтах поднимается, насколько это
вообще опасно? (Кентау қаласының
тұрғыны, Аюпов Фарид Тел: 87013795130) |
В настоящее время в целях снижения уровня воды в водостоке «Глубокий»
ведется работа по реализации двух проектов: 1-этап. Из резервных средств акима области выделено 250,0 млн. тенге.
Проект включает в себе установку в стволе «Глубокий» 4-х высокодебетных насосных станции и бурение 14 скважин
вертикального дренажа (СВД). Потребность составляет-3,8 млрд. тенге. 2-этап. На разработку проектно-сметной документации требуется 492,3
млн. тенге. Реализация проекта и строительство водопроводных сетей на реках
Хантагы и Байылдыр, сократит время работы существующих высокодебетных
водонасосов. В случае реализации данных проектов, подземные воды достигнут
безопасного уровня. |
декабрь, 2022 год |
Областное управление строительства
Акимат города Кентау
|
Снижения уровня воды в водостоке |
В настоящее время в целях снижения
уровня подземных вод города Кентау ведутся работы по реализации проекта
«Строительство системы водопонижения в городе Кентау с дальнейшей подпиткой
водохранилища Коскорган»: Из Республиканского бюджета и из резервных средств акима
области выделены средства на эти цели. Данный проект, включает в себе
установку 4-х высокодебитных насосов в стволе шахты «Глубокий», а так же
бурение 11 скважин вертикального дренажа (СВД) преимущественно в зонах
подтопления. На сегодняшний день пробурено 8
скважин из 11, на 2,5 км. из 5,5 км. проведены монтажные работы по водоотведению, ведутся
работы по монтажу 7-и подстанции для СВД.
|
Басқа да сұрақтар |
||||||
14 |
КСРО Министрлер кеңесі сыйлығының лауреаты, КСРО Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты, «Қазан төңкерісі» ордені, «Еңбек Қызыл Ту» ордені, I,ІІ,ІІІ-ші
дәрежелі «Кенші Даңқы» төсбелгі, «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстан
Республикасының Құрметті Кеншісі, Кентау қаласының Құрметті азаматы Сақ
Мәуленқұловтың есімін Кентау қаласындағы бір көшесіне беруге ықпал
етуіңізді сұраймын. (Кентау қаласының
тұрғыны, Кривенцова Маржан Қазыбайқызы Тел:87017569015)
|
Сақ
Мәуленқұловқа көше атауын беру мәселесін ономастика комиссиясында қарау. (Көшеге атау беру үшін қалалық ономастикалық
жұмысшы топ отырысында талқыланып, жергілікті мәслихат сессиясында қаралады.
Содан кейін облыстық, республикалық ономастика комиссиясына жолданады. Комиссия
қорытындысына сәйкес, мәселе өз шешімін табады. Сонымен қатар, қазіргі Жастар саябағына С.Мәуленқұловтың
атын беру мәселесі қарастырылуда.) |
желтоқсан, 2022 жыл |
Облыстық мәдениет басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Көшеге атау беріліп, мемлекеттік
тіркеуден өткізу |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес, тарихи атауларды
жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын
атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру, сондай-ақ объектілерге,
әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне кісі есімдерін
беруге мейлінше шектеу қойылғандықтан Қазақстан Республикасы Мәдениет және
спорт министрлігі тарапынан ортақ тарихи сананы қалыптастыру мақсатында
«Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» тізімдері әзірленіп, Қазақстан
Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісіліп, бекітілген. Алайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы «16» маусымда
өткен отырысында мақұлданған Қазақстан Республикасындағы ономастикалық
жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымдарға сәйкес Республикалық
ономастика комиссиясының қарауына жыл сайын 1 қарашаға дейін ономастика
саласындағы уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі) «Тарихи тұлғалар» тізбесін өзектендіру жөнінде ұсыныстар енгізу
тапсырылған. Осыған сәйкес, С.Мәуленқұловты «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу
туралы ұсыныс жолданды. Тізімге енгізілген жағдайда, есімін Кентау қаласы
көшелерінің біріне ұсынылатын болады. |
15 |
Экскаватор зауытын қайта жаңғыртып, инвесторларды тартып, жандандыру
бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр? (Кентау қаласының тұрғыны,
Төнтеков Мұратша 87021978559) |
Инвесторлармен келіссөздер жүргізу. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
29 қазандағы №693 қаулысына сәйкес, Кентау қаласындағы "Экскаватор"
АҚ зауытының аумағынан арнайы экономикалық аймақ құрылған. Қазіргі таңда
арнайы экономикалық аймақта 2,9 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба 2022 жылы іске
асырылуы жоспарланған. Атап айтқанда: «Темір Бетон» ЖШС «Бетон бұйымдарын өндіру
жобасы» және «Almaty NS-Group» ЖШС «Кірпіш шығару зауыты». Нәтижесінде, 80
жаңа жұмыс орны ашылмақ) |
желтоқсан, 2022 жыл |
Облыстық инвестиция және экспорт
басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Іске қосу актісі |
1)Темір Бетон» ЖШС «Бетон бұйымдарын
өндіру жобасы» "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймақ қатысушылардың
тізіміне енгізілген. Жобаның құны 1,2 млрд. құрайды. Ашылған жұмыс орны – 30
адам. 2)«Almaty NS-Group» ЖШС «Кірпіш
шығару» жобасы "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймақ қатысушылардың
тізіліміне енгізілген. Жобаның құны 1,7 млрд. құрайды. Ашылатын жұмыс орны –
50 адам. Жобаның іске асырылу мерзімі 2022
жылдың соңына жоспарланған. |
16 |
2020 жылы жоғарғы оқу орнын бітірдім. Мамандығым заңгер. Сізден
сұрайтыным, маған өз мамандығым бойынша жұмысқа орналасуға көмектессеңіз. (Кентау қаласының тұрғыны, Абдихалыкқызы Ұлдана Тел: 87076962702) |
Өтініш иесін жұмыспен қамтамсыз ету (Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес,
2022 жылдан бастап Жастар практикасының мерзімі 12 айға дейін ұзартылды.
Жастар практикасына қатысушыларға төленетін жалақы мөлшері де көтеріліп,
бүгінгі таңда 30 АЕК, яғни 91 890
теңгені құрайды. Сонымен қатар, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы
бойынша да еңбек өтілін жинақтауға мүмкіншілігіңіз бар. Алғашқы жұмыс орны
жобасына қатысушыларға төленетін жалақы мөлшері де 30 АЕК. 6 ай мерзімге
жолданады, әрі қарай 12 ай тұрақты жұмыс орнына қалу мүмкіншілігі беріледі.) |
мамыр, 2022 жыл |
Кентау қаласының әкімдігі |
Жұмысқа орналастыру |
Ұлдана Абдихалыққызы 2022 жылдың 11
ақпанында Кентау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына 12 ай
мерзімге жастар практикасына жолданып, 4 ай мерзім жұмыс атқарып, өз еркімен
жұмыстан шыққан. 2022
жылдың 01 маусымынан бастап жұмысыс беруші тарапынан түзілген Келісім бойынша
Түркістан қаласы Кәсіпкерлер палатасына тұрақты жұмысқа орналасқан. Қазіргі
таңда жұмыс атқаруда. |
17 |
Қалада әлеуметтік дүкендердің санын көбейтсеңіздер, ішінде сатылатын
азық-түлік тауарларының көлемін арттырсаңыздар. (Кентау қаласының тұрғыны, Абдихалыкқызы Ұлдана Тел: 87076962702)
|
Әлеуметтік дүкендердің санын арттыру. (Қазіргі таңда, Уалиханов көшесінде жаңа
салынған үйлердің жанынан 2 әлеуметтік дүкен орнатылып жұмыс атқаруда,
инвестор тарапынан құжаттамаларды рәсімдеу жұмыстары жалғастырылуда. Басқа 2
дүкенді сырт келбетін өзгертіп, ұлғайтып, жаңашалау жұмыстарын жүргізіліп,
орнатылатын болады. Бұдан бөлек, "Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясы" АҚ-на 5 әлеуметтік дүкен орнатуға қала әкімдігі тарапынан
жер беру қарастырылуда. Жоғарыда аталған жоспарлар іске асқаннан кейін, сіз
айтқан мәселелер ескерілетін болады.) |
тамыз, 2022 жыл |
Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Әлеуметтік дүкендердің санын
арттыру
|
Қала әкімдігімен әлеуметтік дүкен
орнатуға «Түркістан» ӘКК-не қосымша 6 жер телімі берілді. «Түркістан» ӘКК тарапынан «Әлеуметтік
дүкен» орнату жұмыстарын жүргізуде. |
18 |
Қалада көпқабатты тұрғын үйлер құрылысын салу жоспарда бар ма? (Кентау
қаласының тұрғыны, Назарова Ләззат |
1.1. Уалиханов көшесінен 5 дана көпқабатты
тұрғын үйдің құрылысын жалғастыру үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлу
бойынша жұмыстарды атқару. 1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. (Уалиханов көшесінен 5 дана
көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы 2020 жылдың желтоқсан айында басталған.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жалғастыруға қаржысы қаралмағандықтан
жұмыстар тоқтап тұр. Қаржы қарастыру үшін бюджеттік өтінім жолданған. Қаржысы
қаралған жағдайда құрылыс жұмыстары жалғасатын болады.) |
1.1.
2022 жыл 1.2.
2023-2024 жж.
|
Облыстық құрылыс басқармасы
Кентау қаласының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен
пайдалануға беру |
Бағдарлама әкімшісі болып «Құрылыс
басқармасы» ММ табылады. Қазіргі таңда республикалық
бюджеттен арендалық тұрғын үйлердің қаржыландырудың тоқтатылуына байланысты
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында кредиттік
қаржыландыруға ауыстыру мәселесі қарастырылуда. Алдағы уақытта қаржысы
қаралған жағдайда құрылыс жұмыстары іске асырылатын болады. |