Ұйықтап жатқанда болатын 10 жұмбақ нәрсе

Біз өмірдің үштен бір бөлігін ұйқымен өткіземіз және мұның өзі біздің сана-сезіміміз бен жүйкеміздің құпияларын зерттейтін ғылымның ең аз зерттеген тұстарының бірі. Кез келген адам ұйқы кезінде түсініксіз немесе қорқынышты сезімдерді бір рет болса да басынан өткереді.
Ғалымдар терең ұйқы процестеріне байланысты бірқатар жәйттерді ғана анықтай алды. Алайда, ол анықтағандарының өздерінің нақты жауабы әлі табылған жоқ. Бәлкім кейінірек анықтала жатар. Бейсаналық жұмыстың қандай жұмбақ құпиялары қызықтырақ болып көрінеді, міне, енді соған тоқталайық.

Қайта-қайта қайталанатын түстер
Кейбір адамдарда көрген түсі арқылы белгі беретін қасиет бар. Қазақтар мұны аян дейді. Мысалы, жақындап келе жатқан ауруды алдын-ала сездіреді. Психологтардың пікірінше, осылайша ми біздің назарымызды маңызды деп санайтын оқиғаларға – денсаулық немесе жүйке жүйесінің ахуалына аудартуға тырысады.

Өзге түстің ішіндегі түс
Мұндай түс бір ұйықтап оянғаннан кейін білінеді. Бірақ, бұл толық ояну емес, ұйқының басқа қабатына шығу болып табылады. Бұл бірнеше рет жалғасуы мүмкін. Ресми ғылым мұның себебін түсіндіре алмай отыр, алайда, эзотериктер мұндай қабілет рухани немесе мистикалық тәжірибелерге деген көзқарасты растайды деп санайды.

Ұйқының сал ауруы
Адам түн ортасында кенеттен оянып кетіп, өзінің қозғала алмайтынын сезініп, қорқынышты күйге түседі. Көбінесе мұндай жағдай сұмдық елестер мен бөлмеде «бөтен біреудің» жүргенін сезіну сәтінде орын алады. Әдетте тыныш ұйықтау үшін дененің бұлшық еттері ұйқы кезінде қимылсыз қалады, жоғарыдағыдай жағдайда дене салданып қалғанымен, ми әлі ұйықтамаған болуы ықтимал. Бірақ, бұл болжамдардың бірі ғана.

Түсінде сөйлеу
Ұйықтап жатып сөйлеу, яғни ұйқысырау психикаға немесе денсаулыққа қауіпті емес, бірақ, оны түсіндіру өте қиын – мысалы, түсінде адам бейтаныс тілдерде, соның ішінде ежелгі тілдерде сөйлеген оқиғалар да кездескен.

Сомнамбулизм
Бұл жағдайда сана қандай да бір себептермен ұйықтайды, ал, денесі «құлыптан босатылады», сондықтан адам жүре алады, күнделікті әрекеттерді орындай алады және тіпті үйден шығып кете алады. Әрине, бұл өте қауіпті, өйткені, ұйықтап жатқан адам өз әрекеттерін түсінбейді және олар үшін жауап бере алмайды немесе  өзін басқара алмайды. Келесі күні таңертең «айкезбелер» ештеңені еске түсіре алмайды. Сомнамбулизм шамамен әр оныншы адамда, көбінесе балаларда кездеседі.
Гипнагогикалық көріністер мен галлюцинациялар
Адам ұйқы мен шынайылықтың арасында тұрған кезде кейде жұмбақ көріністерді көре алады. Көбінесе бұл қорқынышты жүздер немесе фантастикалық тіршілік иелері болады. Мұндай галлюцинациялар психикалық сау адамдарда да ұшырасуы мүмкін, олардың пайда болу себебі күйзеліске келіп тіреледі.

Ұйқы кезіндегі «апноэ»
Ұйықтап жатқанда кенеттен тыныс алудың тоқтауы «ұйқы апноэсі» деп аталады. Бұл уақытта ми оттегінің жетіспеуін сезінеді, қан қысымы күрт көтерілуі немесе төмендеуі мүмкін, жүрек-тамыр жүйесі қатты жұмыс істейді. Бұл  жұтқыншақтың бұлшық еті босаңсып, тыныс алар жолдың бітелуінде орын алады. Мұндай қауіп темекі шегетіндер, артық салмағы бар адамдар мен қарияларда көп кездеседі.

Биіктіктен төсекке құлау сезімі
Бұл сезім көбінесе біз ұйықтағаннан кейін бірден пайда болады – оны «ұйқылы-ояу» күй деп те атайды, эзотериктерде ол сиқырлы әрекеттерді орындау үшін ең қолайлы сәт болып саналады. Ресми түсініктеме бойынша, бұл – бұлшық еттерге қалдық импульс өтіп, соншалықты жағымсыз сезім тудыратын тыныс алу мен жүрек соғуының баяулауынан орын алады.

Астралға шығу
Бұл ұйқыға байланысты ең қиын және зерттелмеген сәттердің бірі. Денеден шығудың елесі бар екені белгілі, бірақ, неге ол пайда болады және көптеген адамдардың көргендері қандай себеппен сәйкес келеді – бұл мүлдем түсініксіз. Сондай-ақ, кейбіреулер бұл күйге саналы түрде енуі мүмкін – эзотерикалық дәстүрлерде олар сиқыршылар болып саналады.

Ұйқы кезінде кенеттен ашылу немесе түсіну
Біз өзімізді мазалайтын сұраққа жауап табуға тырысып, үнемі бір нәрсе туралы ойланғанда, түсімізде де соған түсінік табуымыз мүмкін. Ғалымдар біздің ақыл-ойымыз интеллектуалды немесе эмоционалды тығырықтан шығудың жолын біледі деп санайды. Дәл сол біздің миымызға суреттер мен бейнелерді түсімізде жібереді екен.
Сонымен, ұйықтап жатқаныңызда түсініксіз немесе қорқынышты оқиғалар болды ма? Демек, сізде аталған құпиялардың біреуі болуы мүмкін.

Дайындаған Б.ДӘРІҚОЖА.

2 пікір

  • Жанна
    Жанна

    Бұл ненің мағынасы

  • Жанна
    Жанна

    Мен ұйықтап жатқанда мені біреу түртіп тұрғызды

Пікір қалдырыңыз