Кеңес отырысы өтті

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Жиында кеңес шешімдерінің орындалу нәтижелері бойынша баяндамалар тыңдалып, қордың болашақ инвестициялық жобаларының бағыттары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы А.Сәтқалиевтің ақпаратын тыңдай келе, қор жұмысына оң баға берді. Дүниежүзілік дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсеріне қарамастан, қор 2020 жылды табысты аяқтағаны айтылды.

Кеңес мүшелері «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясының сатып алу кезіндегі жергілікті үлесті арттыруға бағытталған тәсілдеріне, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларына қолдау білдірді. Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы пандемия жағдайында Үкімет ұлттық экономиканы қолдау үшін барлық тетіктерді белсенді әрі тиімді пайдаланып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар кеңес барысында «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы басшыларының есебі тыңдалды.

Жиын қорытындысы бойынша Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

 

 

2 пікір

  • Sarah Sliverman
    Sarah Sliverman

    FINALLY I GOT MY LOST BITCOIN BACK ALL THANKS TO LOST RECOVERY-MASTERS Hello people, I am Sarah Silverman an Actress from Independent films in the USA. I highly recommend the service of Lost Recovery Masters to everyone who wishes to recover lost money either bitcoin or other cryptocurrencies from these online scammers, wallet hackers, or if you ever sent bitcoins to the wrong wallet address. I was able to recover my lost bitcoins from online swindlers in less than 24 hours after contacting them. They are the best professional hackers out there and I’m truly thankful for their help in recovering all I lost. If you need their service too, here is their contact information. Email: Support@lostrecoverymasters.com Website https://lostrecoverymasters.com/

  • Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS
    Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS

    Government Database System..Email ( lifiben@gmail.com ) We Produce Passports,Drivers Licenses,ID Cards,Birth Certificates,Diplomas,Visas,SSN,Marriage Certificates,Divorce Papers,US Green Cards,University Degrees,Counterfeit Money,SSD Chemical Solution And Activation Banknotes dollar / euro Pounds Powder Used For Cleaning Coated Black Money, And Other Documents Cloned cards, Resident fullz and dumps For A Number Of Countries Email ( lifiben@gmail.com ) TEXT/CALL/WHATSAPP: 951-254-2452 https://clean-documents.com

Пікір қалдырыңыз