Ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты.
«Бейнеконференция байланысы режимінде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразия экономикалық одағы аясындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды» деп хабарлайды elbasy.kz.
Жиында 2020 жылғы атқарылған жұмыстар мен орта мерзімді перспективадағы міндеттер жайлы айтылды. Сондай-ақ, коронавирус пандемиясы жағдайындағы өзара интеграциялық іс-әрекет туралы пікір алмасылды. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы бірлесіп жұмыс істеу арқылы Еуразия экономикалық одағы әлемдік экономикада өз орнын тапқанын айтты.
– Коронавирус пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарыс біздің интеграциялық бірлестігіміз үшін үлкен сынақ болды. Қауіпсіздік мәселелері алдыңғы қатарға шықты, – деді Елбасы.