Рухани астананың болашағына сенеміз

Түркістан – түркі халықтары үшін ең қастерлі де, құтты мекен болып саналады.  «Түркістан түркі әлемнің рухани астанасы»  болуы біз үшін үлкен мәртебе. Мемлекет басшыларының ортаға салған пікірлеріне қарап Түркістан қаласы мен оқу орнымыздың мәртебесі асқақ екенін аңғаруға болады. Бұл дәрежеге ие болған шахар алдағы уақытта көптеген жетістіктерге жетеді деген сенімдеміз.

      Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласы түбегейлі өзгеріп, жаңа келбетке ие болды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қасынан сәулеті келіскен нысандар бой көтерді. Әкімшілік іскерлік орталықта көпқабатты 177 үй салынып жатыр. Бұл нәтижеге жетуімізде, әрине Елбасының тарихи рөлі зор екенін айтуымыз керек. Сонау «Түркістан меморандумы» 1992 жылда, Елбасы: «Бұдан былай түркі халықтары басшыларымен киелі Түркістанда кездесіп тұратын боламыз» деп бағытты айқындап берген болатын. Міне сол тарихи тәжірибеге негізделген саясаттың бастауы бүгін өз жемісін берді деуге болады.

                                        
                                                                                                                             Шалтан Еркінбай

                                                                                         «Шапағат» мүгедектердің қайырымдылық қорының басшысы

 

Пікір қалдырыңыз