«Өліара кезеңі» туралы білесіз бе?

Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау ете білген. Солардың бірі – халықтың ауа райын болжау тәсілдері. Жылдың әр айы мен тоқсанында болатын ауа райындағы табиғат өзгерістері мен құбылыстарын дала халқы әр кез назарында ұстап, оған ат қойып, айдар тағып, баға беріп отырған.
Қазіргі уақыт «Өліара» кезеңі болып саналады. Өліара – ескі ай бітіп, жаңа ай туғанға дейінгі аралық. Аспанда ай көрінбейтін кез. Айдың ортасына таман 9-15 аралығында әрқалай аспанда 3-4 күн ай мүлдем болмайды. Өліарадағы ауа райы, туар ай да қайталанады деген ұғым қалыптасқан. «Өліарада жауын-шашын болса, туар ай да жауынды-шашынды болады» дейді халқымыз. Қазақ халқы ауа райына қатысты болжамдарды өмірден алған. «Өліара», «тоғыста» күн бұзылатынын алдын-ала білген. Сондықтан да бұл күндері қолшатырыңызды алып жүруді ұмытпаңыз.
Бұрындары қазақтың тыйым салу салты бойынша бұл аралықта жолға шығуға болмайды, жаңа іс бастамайды, түнде далаға шықпайды, қыдырмайды себебі жын-шайтанның жер бетіне шығатын кезеңі.
Ал, сіз «Өлара» кезеңінде ауа райында тағы қандай өзгерістер байқадыңыз? Білгенімізді ортаға сала отырайық.
К.Мұса, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының қызметкері.
Дәулет
Өлара уакытында балыкка бармандар туспейд дейди
Қарлығаш Нұғманқыхы.
Әжемізден еститінбіз, өлара кезі шаш қврықпа, баланың шашын алдырмай деп отыратын. Онысын күлкіге айналдыратыньыз. Осыған байланысты бір айтарым, 15 жастағв немере қызым бір күні шаштаразға шашын қидырып келіпті. Өте қысқа әрі дұрыс кеппеген. Басында шаш қой тез өсіп кетеді деп жұбатқан болдық. 4 айдай уақыт өтті, өспейді. Сонда әжемнің сөзі есіме түсті. Мұндай жағдайда жаңа ай туғанда сәтте "өліарада алғаным өкпелеме," деп шашының ұшын қайта қиып қою керек екен. Осы естеріңізде болсын.
Гулия
Астрология оқып жүрмін бәріне сенемін
Аа 15
Өлі араны 12-13-сі әр айдың деп айтатын әжем
Нұрайлы...
Рахмет сізге
Жайна
қазақтың ырымдары маған ұнамайды...
Sezim
Өліара дегенді әжемнен есітідім жасвм 9 ол қотақбас мал ауру милашка қаншық сука зайбал Шошақай қаншық бетінде қаны жоқ қаншық маймыл болад деп естігем
Нұрай
Қанша адам өліарада туылып жатыр оны кім де кім біліп жатыр? Менің дөп ойымша Миф деп ойлаймын. ????
Маке
Өліара-деген айдың соңғы үш күні емес па.Сол кезде ай көрінбей кетеді.Дәл қазір айдың соңына жақын бірақ ай кеш батып жүр.Ал өліарада туылған перзент кемтар болып туылады дегенге сенбеймін.Қанша адам өліарада туылып жатыр оны кім біліп жатыр.Меніңше ол деген Миф.
Называй как хочешь :)
аспанда ай көрінбейтін кез. айдың ортасына таман 9-15 аралығында әрқалай аспанда 3-4 күн ай мүлдем болмайды. өліарадағы ауа райы, туар ай да қайталанады деген ұғым қалыптасқан екен.