Төрт саяси партия кандидаттарын тіркеді

2021 жылы 10 қаңтарда болатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы бойынша Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының басшылығымен жүргізіліп жатқан іс-шараларға келетін болсақ, қазіргі кезде ҚР Орталық сайлау комиссиясы тіркеген алты саяси партияның төртеуі сайлау науқанына белсене кірісті.

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы саяси партиялардың Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттары кандидаттығына өткізген партиялық тізімдері ҚР Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» ҚР конституциялық заңы талаптарына сәйкестігі тексеріліп, алқалы түрде комиссия отырыстарында қаралды. «Nur Otan» партиясынан 629 кандидат тіркелді, оның 230-ы әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар. Сондай-ақ, «Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясынан 56 кандидат, оның 24-і әйелдер мен жастар, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан 12 кандидат, оның ішінде 4-еуі әйелдер мен жастар, «ADAL» саяси партиясынан 8 кандидат (оның 5-еуі әйелдер мен жастар) тіркелді.

Саяси додаға түскен саяси партиялар аудан, қалаларда қарқынды іс-шаралар жүргізуге кірісті. Ал, облыстық аумақтық сайлау комиссиясы өз тарапынан «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» ҚР конституциялық заңы мен ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулылары бойынша күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

 

 

Пікір қалдырыңыз