ЕЛДІҢ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖҮЙЕЛІ ЖОСПАРЛАР ТҮЗІЛМЕК
Әлемді шарпыған вирус ешкімге оңай тиіп жатқан жоқ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде көптің көкейінде жүрген бірқатар мәселенің анық-қанығын айшықтап берді. Ел басшыларының алапат дертпен күресудегі жұмыстарына көңілі толатынын білдіріп, ең маңыздысы, халықтың денсаулығы екеніне тағы да баса назар аударды. Сол себепті әлі де сақтық шараларын ұстануымыз қажет болып тұр.
Әлемді шарпыған вирус ешкімге оңай тиіп жатқан жоқ. Десек те, еліміз алдағы уақытта індетке қарсы ерекше қарқынмен жұмыс жүргізгелі отыр. "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасына триллион теңгеден аса қаржы бөліп, жұмыссыздықтың алдын алмақ. Бұдан бөлек, экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар әзірленбек. Басқа да жоспарлар елдің игілігі үшін жүзеге аспақ. Ал, халыққа жүктелер міндет бірлігін бекем ұстап, қауіпсіздік шараларын барынша сақтай білу. Талай сынақтан өткен елдің бұл сыннан да сүрінбесі анық.
Айгүл МОЛДАБЕКОВА,
Бәйдібек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры.