АСЫҚПАЙЫҚ, АПТЫҚПАЙЫҚ...
Сын сағатта елдігімізді көрсеттік, ортақ мақсатқа ұйысқан жұртымыз індетпен күресте жұдырықтай жұмыла білді.
«Сақтықта қорлық жоқ» деген сөз бар халқымызда. Әлемді әбіржіткен коронавирус дертінен келер қауіп әлі сейілген жоқ. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен бүгінгі Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылды.
Мемлекет басшысының айтуынша, індеттің екінші кезеңі басталып кетуі ықтимал. Сол себепті сақтық шараларын бұлжытпай орындап, өзіміз бен жақындарымыздың амандығына жауапкершілікпен қарауымыз қажет. «Өзіміздің аман-саулығымызға, ең алдымен, өзіміз жауапты болуымыз керек»- деді Президент.
Қауіпті індеттің елімізде тіркелген алғашқы күнінен бастап ауқымды сақтық шаралары қолға алынды. Республика көлемінде төтенше жағдай режимі енгізіліп, дерттің жаппай таралуына тосқауыл қойылды. Сын сағатта елдігімізді көрсеттік, ортақ мақсатқа ұйысқан жұртымыз індетпен күресте жұдырықтай жұмыла білді.
Мемлекет деңгейінде теңдессіз әлеуметтік қолдау шаралары қолға алынды. Нәтижесінде 4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіліп отыр. Миллионнан астам азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық заттар үлестіріліп келеді. Коммуналдық төлемдердің тарифі төмендетіліп, оны төлеу үшін аса мұқтаж жандар қосымша көмек алуда.
Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде 2 миллионға жуық азаматтың несие төлеу мерзімі кейінге шегерілгенін атап өтті. Оған қоса қолжетімді несие беру, көктемгі егіс науқанын жүргізу, жұмыс орындарын ашу және сақтау үшін айтарлықтай қаражат бөлініп отырғандығын жария етті. Нәтижесінде 700 мыңнан астам компания мен кәсіпкерлер үшін салық жүктемесі азайтылып отыр. Сол арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық қаржы үнемдеуге мүмкіндік алғанын мәлім етті.
Мемлекет қолдан келген көмектен аянып жатқан жоқ. Біз де мемлекетке тигізер көмектен қалыс қалмауға тиіспіз деп санаймын. Біздің тигізер көмегіміз де, пайдамыз да – қабылданған сақтық шараларына мойынсұнып, оларды бұлжытпай орындау.
Асықпайық, аптықпайық, ағайын...
Ақмарал ТҰРҒАНОВА,
Төлеби аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі.
Карабаева Гулмира.
Өте дурыс айтылған пикир.Өз омиримиздин сактыгы өз колымызда.Елимиз аман болсын.
Карабаева Гулмира.
Өте дурыс айтасыз.Елмен көрген улы той демекши,елимиз аман болсын.Барлык сактык шараларын орындап,өз омиримиздин каупсиздигин сактау әр адамның борышы.
Умбетова Айсулу Тулепбергенқызы
Өте дұрыс керемет айтыңыз
Аэлита
Дурыс айтылган тужырымдама. Оз денсаулыгымызга жауапкершиликпен карап, сактык шараларын орындау керек!
Еркебулан Гульманов
Дұрыс айтасыз. Сақтық шараларына мойынсұнып, өзімізді және отбасымызды сақтауымыз керек.