ТҮРКІСТАН: 14 МЫҢ КӨЛІК ПЕН 44 МЫҢ ЖОЛАУШЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Бекеттерде бақылау күшейді
Түркістан облысында коронавирустың алдын
алу шаралары күшейді. 18 наурыздан бастап Алматы және Қызылорда бағытындағы
шекаралық аймақтарда орналасқан «Сауран» және «Шақпақ» бекеттерінде тәулік бойы
жұмыс істейтін блок-бекеттер қойылған болатын. Жалпы, қазір облыс бойынша
осындай 30 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Республикалық маңызы бар жолдарда орналасқан «Сауран», «Шақпақ»
блок-бекеттерінде 26 наурызға дейін 17 мыңнан астам көлік пен 44 мыңға жуық
жолаушы тексерілген. Аталған аймақтарда полицейлер сағат сайын бақылау жасап, кезекшілік
етуде.
«Оңтүстік»-ақпарат.