НЕКЕНІ ОНЛАЙН ТҮРДЕ ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ

Цифрлы Қазақстан

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның» Түркістан облысы филиал қызметкерлері ХҚКО-ға келмей-ақ, некені қалай тіркеуге болатынымен бөлісті.

 

Ол үшін:

????egov.kz  порталындағы «отбасы» деген бөлімнің  «некені тіркеуге электрондық өтініш беру» бөліміне кіру қажет.

«Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз және өтінімді толтырыңыз.

Өтінімде жұбайының немесе зайыбының ЖСН-ін көрсету және неке тіркелген ЖАО-ның тіркеу бөлімін таңдау қажет.

Сіз төлем жасай аласыз (1 АЕК - 2525тг.) «төлеу» батырмасына өтіп немесе болашақ жұбайына бұл қанат белгісін белгілеп сілтеме жасауға болады.

Өтінімге ЭЦҚ немесе смс-парольдің көмегімен қол қоясыз (міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелу керек).

 Содан кейін сіздің болашақ жұбайыңыз немесе зайыбыңыз порталда «қызметтерді алу тарихы» бөліміне кіріп, қол қоюды күтетін сұранысты таңдайды.

Өтінімді толтырады және оған қол қояды.

 

Электрондық өтініш беру үшін екі өтініш берушінің де некеге бірінші рет отыруы және балалары болмауы қажет. Портал арқылы екінші және одан да көп некені тіркеуге өтініш беру мүмкін емес.

Некені тіркеуді тіркеуші орган некеге тұру туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде жүргізеді.

 

«Оңтүстік»-ақпарат.

Пікір қалдырыңыз