6,5 мың отбасы үйлерiне кiрдi

Арыс қаласында 6,5 мыңнан астам тұрғын үй қалпына келтірілді. Қалада бір айдан бері құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Қаланы қалпына келтіруге 10 мыңнан астам құрылысшы атсалысты. Бүгінгі таңда Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының 90%-дан астамы аяқталып отыр. Барлық инженерлік инфрақұрылым толық жөндеуден өткізілді. Көшелер ауқымды түрде реконструкцияланды. 62 әлеуметтік нысан, оның ішінде – ауруханалар, мектептер, балабақшалар, спорт объектілері 20 тамызға дейін дайын болады.
Сондай-ақ,
бір қабатты 905 жеке үйді жөндеу жұмыстарын 10 тамызға дейін, ал, көп қабатты
67 үйді қалпына келтіру жұмыстарын 20 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. Осыған
орай, штабтардың жұмысы 20 тамызға дейін жалғасады.