Нұрсұлтан Назарбаев форум қатысушыларына хат жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев форум қатысушыларына хат жолдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парижде өтіп жатқан Халықаралық Түркі Академиясының «Ұлы дала: мәдени мұра және әлем тарихындағы рөлі» форумының қатысушыларына хат жолдады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумның салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хаты оқылды. Елбасының құттықтау хатын Қазақстанның Француз Республикасындағы елшісі Жан Ғалиев оқып берді.

«Көптеген елдің ғалымдары, тарихшылары мен тіл мамандары қатысып отырған мұндай алқалы жиынның Еуропа төрінде, Париж қаласында өтуінің маңызы ерекше. Форум барша адамзат тарихымен ұштасатын тарихи-мәдени мұраларымыздың ғылыми айналымдағы өрісін кеңейтеді деп үміттенемін. Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қырының» басымдықтары ұланғайыр даламыздан тамыр тартқан халықтардың әлемдік өркениетке қосқан үлесі мен тәжірибесінен тағлым алу, болашақ жас ұрпақты мәдениетаралық үйлесім рухында тәрбиелеу ісіне тың серпін беруде. Менің бастамаммен құрылған Халықаралық Түркі Академиясы аталған бағытты ғылыми интеграция тұрғысынан дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Соның бір айғағындай осы жиын бай тарихымыз бен адамзат ақыл ойы қазыналарының терең тамырларын өзгеше қырынан пайымдап, жаңа мәдениетаралық қатынастар көкжиегіне жол ашады деп сенемін» делінген Елбасының хатында.

Пікір қалдырыңыз