Сұрақ — сізден, жауап — бізден

КЕЛІСІМШАРТ — СІЗДІҢ КЕПІЛІҢІЗ

 

Сұрақтарға Түркістан облысының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы, мемлекеттік еңбек инспекторы Дінмұхамед Игілікұлы СИҚЫМБАЙ жауап берді:

1. Сұрақ: Мен жол апатына түсіп, жарақат алдым. Толық емделуім үшін ақысыз демалыс алу қажет. Мен қанша уақытқа ақысыз демалыс алуға құқым бар ма?

Жауап: ҚР Еңбек кодексінің 97 бабының 2 тармағына сәйкес еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыскердің өтініші негізінде оған жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. Оның ұзақтығы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады. Ақысыз демалыстың мерзімі ұжымдық шартта жазылуы мүмкін.

 

2. Сұрақ: Жұмыс орнымда болмағаным үшін жұмыс беруші сол күні маған сөгіс түріндегі тәртіптік жаза берді және жұмыстан босатты. Менде еңбекке уақытша жарамсыз парағы бар.

Жауап: Сізге тәртіптік жазаны дұрыс бермеген. Сізден түсініктеме талап еткен күннен бастап екі күн өткен соң ғана Сізге тәртіптік жаза қолдануы қажет.

ҚР Еңбек кодексінің 65 бабының 2 тармағында жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін жұмыскерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Егер екі жұмыс күні өткеннен кейін жұмыскер жазбаша түсініктеме бермесе, онда тиісті акт жасалуы қажет.

Сондықтан бұл жұмыс берушінің бұл әрекеті дұрыс емес. Қолында уақытша жарамсыз парағы бар әрі емделіп жүрген адамды жұмыстан шығара алмайды. ҚР Еңбек кодексінің 54 бабының 1 тармағы негізінде жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі және демалыста жүрген кезінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.

 

3. Сұрақ: Бала күтімі бойынша демалыстан шығып, жұмысқа түсу үшін басшыға барсам, «Сіз күте тұрыңыз, орныңызға басқа адамды жұмысқа алғанмын. Сізге басқа жұмыс тауып беремін» дейді.

Жауап: Сіздің жұмыс орныңыз 3 жылға дейін сақталады. Жұмысқа түсетініңіз туралы 1 ай бұрын алдын ала өтініш жазуыңыз қажет. Жұмыс беруші 1 айдан соң орныңыздағы жұмыскерді босатып, Сізді қайта өз жұмыс орныңызға алуға міндетті.

ҚР Еңбек кодексінің 100 бабының 3 тармағы бойынша бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс уақытында жұмыскердің жұмыс орны сақталады. Ал, 4 тармағы бойынша бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыскер жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін 1 ай бұрын ескертуге міндетті.

 

 4. Сұрақ: Жұмыс уақыты режимі және демалыс күндері мен жұмыс аптасы бойынша түсіндірме берсеңіз.

Жауап: ҚР Еңбек кодексінің 71 бабында жұмыс уақытының режимі айқындалған. Осыған байланысты өндірістің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз болатын ұйымдар бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасын белгілей алады. Күнделікті жұмыс уақыты 8 сағаттан және аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Жұмыс уақыты мен демалыс күндері жұмыс берушімен жұмыскер арасында түзілген еңбек шартында көрсетіледі. Сонымен қатар, ұжымдық шартта қосымша демалыс күндері көрсетілуі мүмкін.

 

5. Сұрақ: Жұмыс беруші менің рұқсатымсыз жалақысы төмен басқа лауазымға ауыстырғаны дұрыс па?

Жауап: Жұмыскердің еңбек шартында келісілген лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік шегінде басқа жұмыс орнына немесе сол жердегі басқа құрылымдық бөлімшесіне жұмыс беруші жұмыскердің келісімінсіз жасай алады. Ал, Сіз көрсеткендей, жұмыс беруші жалақысы төмен басқа лауазымға сіздің келісімінсіз ауыстыра алмайды.

23 пікір

  • Назерке
    Назерке

    Дамумедпен жұмыс жасау дәрігерлерге график ашу программисттің міндетіне жатама?

  • Назерке
    Назерке

    Ауысымдық жұмыс 12 сағаттан аспау керкепе?

  • утепбергенова Гулназ
    утепбергенова Гулназ

    сәлеметсіз бе. менің біліктілік санатымның мерзімі бала күтіміне байланысты ақысыз демалыста жүрген кезімде аяқталған. қазір жұмысқа түстім біліктілік санатымның мерзімі ұзартылады ма?

  • Ақжібек
    Ақжібек

    Ақысыз демалыс алуыма болама,отбасы жағдайына байланысты мектептен 3 ай немесе 6 айға . Орным сақталама шығарып жібереме

  • Гаухар
    Гаухар

    Мен көпбалалы анамын.6 балам бар.Мектепте даярлық топтан сабақ беремін 2019дан бері декреттік демалыста отырмын Жұмысқа шығам деп барсам үш жыл отыр деді.Сосын 2022де тағы босанып декреттік демалысымды создырдым.Жылда барам жұмысқа алмаиды.Оқушы жоқ деп.Менің декреттік демалысымды создырып менен кеиін мұғалім қабылдаған.Сол қаншалықты заңға сәйкес мені жұмысқа алмаса 6 баламды қалай асырамын.

  • Сандуғаш
    Сандуғаш

    6 ай, қаңтар айына дейін акысыз демалыс алып, бірақ оған қарамастан жұмысқа қайта түсуіме бола ма?

  • Сандуғаш
    Сандуғаш

    6 ай қаңтар айына дейін ақысыз демалыс алдым,бірақ оған қарамастан жұмысқа қайта түсуіме бола ма?

  • Жорабекова Лазат Жамашовна
    Жорабекова Лазат Жамашовна

    Енбек демалысынан кеин жалакысы сакталмаитын демалыска заявление жазып кеткем,отбасылык жагдаимен,демалысым биткен куннен кеин 2 ши куни звондап,сизде прогул болды деиди,осы каншалыкты занды.

  • Таубаева Молдир
    Таубаева Молдир

    Еңбек демалысынан кеиін жалақысы сақталмайтын демалыс алуға болама? 1 ай мерзімге белгілі себептерге байланысты

  • Айгерим
    Айгерим

    Саламатсыз ба.мен мұғалімміносы оқу жылы дереттік Демалыстан 2024 жылдың қаңтар айынан бастап жұмысқа қосылдым. Енді мен осы жылға кезекті 56 кун еңбек демалысымды ала аламын ба Есепші маған тек 37 кун ала алатындығын айтып отыр.осы рас па Өтініш

Пікір қалдырыңыз