«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі»

  Әнуар ЖҰМАШБАЕВ, «Оңтүстік Қазақстан». Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсыновтың бұл сөздері дәл қазіргі таңда да өз маңызын жойған жоқ. Адамдар қанша жерден ғаламтор желісіне шырмалғанымен, бәрібір мерзімді басылымдардан қол үзбек емес. Бірақ, несін жасырамыз, газет-журналдар ақпараттарды едел-жедел таратудың көзі болудан қалыңқырап бара жатқандай. Алайда, бұл басылымдардың күні бітуге таяу деген ұғымды білдірмейді...

 

Атақты «Нью-Йорк Таймс» газетіне шыққан бір мақалада автор басылымдарды алып кемеге, ал, интернет-сайттарды оған қарсы шабуылға шыққан шағын катерлерге теңеген. Мақалада алып кемеге тұс-тұстан катерлер шабуылға көшсе, қаншалықты аман қалатындығы жайлы сауалға жауап іздейді. Яғни бұл сұрақтың астарында ақпарат төріне цифрлы БАҚ озған заманда мерзімді басылымдарға орын қала ма деген мәннің жатқанын аңғартқысы келеді. Дегенмен, «Нью-Йорк Таймс» өз болжамына сүйеніп мақала жазса да, 1996 жылы газеттің интернет нұсқасын құрастырса да, таралымы бүгінде 1,5 миллион данаға жетіп отыр.

Елде әлеуметтік-экономикалық салалар жағынан өзгеріс көп. Тұрмыстың түзелуі, өмір сүру деңгейінің жақсаруы реформалардың, бағдарламалардың арқасы. Ал, оларды бұқара халыққа түсіндіретін, насихаттайтын – БАҚ. Соның ішінде газет-журналдар. Ақпараттық сайттар негізінен жұртты елең еткізетін жаңалықтарға бейім келсе, мерзімді басылымдар идеология майданында әлі де сол «ауыр артиллерияның» рөлін атқарады. Халықтың көңіл-күйін аулап отыру үшін БАҚ әрқашан мемлекетке керек. Қарусыз майданда идеологиясы әлсіз елдің халықтың бірлігін сақтап тұра алмасы анық. Естеріңізде болса, Жер реформасына қоғам тарапынан наразылықтардың туындауына орай Елбасы заңға мораторий енгізген-тін. Сонда реформаға байланысты идеологиялық жұмыстарды сынап, БАҚ-тың басқару жүйесін агенттіктен қайтадан министрлікке ауыстыру жөнінде тапсырма берген болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының салмағы мен рөлі сонда анық білінді.

Газет-журналдар – тек жаңалықтар жаршысы емес, бүтін бір елдің айнасы да. Бұл әлемге танымал беделді басылымдарға қатысты әңгіме. Мәселен, Мемлекет басшысы орайы келгенде осындай беделді басылымдарға сұхбат беріп отырады. Сол арқылы біздің елдегі жағдайды, реформаларды әлем жұртшылығы танып біледі. Мұндай басылымдар тұрғанда газет-журналдар ешқашан өзінің қоғамға деген қажеттілігін жоғалтпайды. Цифрлы технологияға бізден ерте қадам басқан Жапония секілді озық елдердің өзінде күн сайын, тіпті күніне

2-3 рет жарық көретін мерзімді басылымдар бар. Бұл халықтың дәстүрге, мәдениетке беріктігін аңғартса керек. Өйткені, екі жүз жылдан астам тарихы бар газет-журналдар да халықтың бойында өзіндік бір оқу мәдениетін қалыптастырды. Ұрпақ сабақтастығын ойлаған ұлт одан ешқашан тамыр үзіп кетпейтіні анық.

Газет-журнал – тарих сындарынан сүрінбей өтіп, біздің заманымызға дейін жеткен адамзаттың ең асыл рухани қазыналарының бірі. Мерзімді басылымдардың пішіні, бояуы, әріптері, суреттері, безендірілуі жылдар бойы жетіліп, қалыптасып, қазіргі біз көріп жүргендей қалыпқа еніп, адам баласы өркениетінің ажырамас бір бөлігіне айналып үлгерді. Осындай орасан зор рухани байлығымыз цифрлы технологияның келуімен бір күнде жоғалып кетеді деу ақылға сыймайды. Әйткенмен, «заманың түлкі болса, тазы боп шал» демекші, бүгінгі интернет мүмкіндігін пайдалану газет-журналдарға артықтық етпейді. Әртараптандыру тек экономикаға ғана емес, басылымдарға да қажет дүние. Бизнес атаулы цифрлы технологияға көше бастаған дәуірде бәсекелестікке төтеп беру нарықта өзін сақтап қалудың басты қағидасы. Сондықтан мерзімді басылымдар онлайн журналистиканы да қатар дамытқаны абзал. Алып кемеде де бірнеше палуба болады емес пе?!

26 пікір

  • Гүлсім Серікқали
    Гүлсім Серікқали

    Қайырлы кеш! Оқушылар бұларыңыз не?! Мәдениеттілік қайда? Білмейді деп әр нәрсені олай жаза беруге болмайдығой. Сіздерге көмек ретіндеде, оқырманға ақпарат ретінде де керемет мақаланы беріп отыр. Сіздер ойыншық қылып отырсыздар! Мұғалімдеріңізге деген сыйластықтарыңыз жоқ екен. Жақсы сөйлеп жазып үйренейік! Ойнап жазабай ойлап жазыңыздар!

  • Айару
    Айару

    Бұл қайткендерін балалар

  • Фарида Сунгатова
    Фарида Сунгатова

    Кімсіздер?? Сіздерге ғаламторда отырып сөйлесу мәдениетін ешкім үйретпеді ме? Бұлай жазуға болмайды!! Сіздер біреудің атын жамылып отырғандарыңыз белгілі. Олай жасау Қазақстан заңнамасындағы 54бап 34 тармағына сай құқықбұзушылық боп табылады!!

  • Алихан
    Алихан

    Ол үшін откада сугадв тусем

  • Алихан
    Алихан

    Мен мәншүк апайды сүйем

  • лаура ханымға ответ
    лаура ханымға ответ

    өзіміз білеміз апай

  • Лаура
    Лаура

    Балалар пікірді өтірік жаза берменіздер!!

  • Мадигп
    Мадигп

    Дабай азаматты арабтарға сатып жіберйк сосын кері сатып аламыз 10 жылдан кейін аламыз

  • Мадина
    Мадина

    тамашаа????????????????????????????????????????

  • Мәншүк
    Мәншүк

    9 дағы Әлихан ғо лч

Пікір қалдырыңыз