CОЗАҚТА "БӘЙТЕРЕК" БОЙ КӨТЕРДІ

Созақ ауданы, Жуантөбе ауылындағы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің түлектер Астана қаласының 20 жылдығына, Созақ ауданының 90 жылдығына орай «Бәйтерек» монументін орнатты. Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков монументтің лентасын қиып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Сондай-ақ, ол Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында туған жерге тағзым етіп, азаматтық жасаған азаматтарды аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапаттады. Салнатты шара аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайы өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Шараға қатысқан ақ жаулықты әжелер шашу шашып, қариялар ақ батасын берді.