ЕЛБАСЫ ДЖИБУТИ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI ИСМАИЛ ОМАР ГЕЛЛЕМЕН КЕЗДЕСТI

  Кездесуде Мемлекет басшысы Джибути Республикасының Президентiн Ислам қаржысы саласындағы жаһандық сыйлыққа ие болуымен құттықтады.

 

– Сiздiң сапарыңыз ЭКСПО–2017 халықаралық көрмесiнiң өтуiмен тұспа-тұс келдi. Елiңiз тәуелсiздiктiң 40 жылдығын атап өттi. Сiз бүгiнгi сыйлыққа лайықтысыз. Мен сiздi құттықтаймын, – дедi Қазақстан Президентi.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Африка елдерiмен ынтымақтасуға зор мән беретiнiне тоқталып, Джибути Республикасының Африка құрлығында маңызды логистикалық орта саналатынын атап өттi.

Исмаил Омар Гелле кездесуге ризашылық бiлдiрiп, бұл оның Астанаға келген екiншi сапары екенiн айтты.

– Мен мұнда алғаш рет 2011 жылы болдым. Сол уақыттан берi Қазақстанның қарқынды дамып, Астананың таңқаларлықтай өзгергенiн атап өткiм келедi. Бүгiнде Қазақстан бүкiл ислам әлемi үшiн зор маңызға ие болып отыр, – дедi Джибути Республикасының Президентi.

Пікір қалдырыңыз