«Сырға салу» рәсімі жайлы не білеміз?

  Құдалық – екі жастың ғана емес, екі отбасының, қала берді екі рулы елдің бір-бірімен туыстасуына дәнекер болатын дәс­түр. Ол қызға сырға салудан басталады. Ел арасында бесікте жатқан бүлдіршіннің құлағына сырға тағып, құда болуға уәделе­сетін ата-аналарды да кездестіруге болады. Салтымызда мұны «бесік құда» немесе «белгі салу» деп атайды.

 

Құда түсетін қыздың құлағына тек алтын сырға тағылады. Мейлі, ол сәби болса да. Өйт­кені, қазақ халқы қыз баланы алтынға балаған. Құдалар жағы көңіліне жаққан қызды келін етіп түсіргенше «ол біздің алтынымыз» деп айтып отыратын болған. Осы ретте қыз балаға не себепті ерте жастан құда түскен деген сұрақтың туындары анық.

– «Сырға салу» дәстүрі қарлығашта­ры­мыз­дың ерте жастан үй шаруасына араласып, әйел адамның міндеттерін үйренуіне жол ашатын болған. Әрі бұл оның бой жеткенінде басқа үйдің түтінін түтетуге психологиялық жағынан дайындалуына да септігін тигізген. Айттырылып қойған қыздар ұзатылғанша үкілі бөрік киіп жүрген. Айта кету керек, егер де қалыңдықтың әкесі келісімді бұзса, ол қызының үкісі мен сыр­ғасын қайтарып қана қоймай, айыппұл тө­леген, – дейді Сайрам ауданы Ақсукент ауылының тұрғыны, келін түсіріп, қыз ұзатқан ардақты ана Айбүбі Қаңлыбайқызы.

«Қыздардың құлағына алтын сырға» деген сөз көбіне бойжеткен бикештерге қарата ай­ты­­лады. Өйткені, осы кезде олар өздерінің жү­ріс-тұрысына мән беріп, бойларын жат қы­лықтардан ау­лақ ұстауы тиіс деп саналған. Тіпті, сырғасының сылдырын естіртпей жүруі керек болған. Қыз балалардың құлағын тесудің бір сыры осында жатса керек.

Жалпы, сырға салу – келін түсіруге арналған жөн-жоралғылардың ең алғашқысы. Халқымыз атастырылған қыздың құла­ғына кез келген сыр­ғаны тақпаған. Оны арнайы зергерлерге соқтырып дайындаған. Қазіргі таңда ұлттық өнеріміз заман ағымына сай жаңаша бағытта дамып, қалыңдықтардың құлағына тағы­ла­тын сырғалар сақинасымен бірге жаса­лынуда. Зергерлік дүкендерден олардың түр-түрін табуға болады. Тіпті, олардың гауһар тастармен көмкеріп безендірілген әшекейлерін де кездестіресіз.

Сырға салу дәстүрін орындау үшін ең алды­мен қыздың үйіне жігіт жағынан бірнеше адам келіп, қалыңдықты алып кететін күнді белгілейді. Қыздың ата-анасы бұған арнайы дайындалып, мал сойып, құдаларды құрметпен күтіп алып, шығарып салады. Қазақ халқы ұзатылатын қыз­­дың құлағына сырғаны кез келген адамға салдырмаған. Оның келін болып түскен жұртына тастай батып, судай сіңуі, сыйлы болуы міндет саналған. Яғни жас келін болашақта сол секілді өнегелі болсын деп ырымдаған. Қыздың жеңгелері құдаларға қалыңдықты көрсетіп, көрімдік алған. Осы кезде жігіттің жеңгелері «құлағың жамандықты естімесін» деп қыздың құлағына алтын сырға тағып, бетінен сүйген. Еліміздің кей өңірлерінде бұл дәстүр «сырғалық» деп аталады.

Жалпы, қызды ұзату рәсіміне дейін іске асырылатын бұл дәстүр әлі күнге дейін ұлттық бояуын жоғалтқан жоқ.

18 пікір

  • Жанар
    Жанар

    Келінге ажырасқан енесі сырға салуға болама

  • Айгүл апа
    Айгүл апа

    Қызды ұзатқанда сырға салуға апйы,сіңлісі алып шығады ма,бізде соған дау болып жатыр, Негізі жеңгелері алып шығу керек қой. Беті ашылмаған қыздар алып шыққан бір түрлі сияхты..сіздер не дейсіздер

  • ..
    ..

    Күйеу жігіт барама

  • Айгерім Базарқызы
    Айгерім Базарқызы

    Сырға салуға жігіт жағынан өткір, сөзіне тұратын, батыл адамдарды жіберген кезінде. Болашақта екі жас ажырасатындай жағдайда жеткен кезде, кезінде сырға салуға барған кісілер татуластырып отбасыны сақтап қалу міндеті жүктелген. Сондықтан қызды алып келуге кез келген адамды жібермеген дана халқымыз

  • Анар
    Анар

    Мен түскен жерде сырғаны да орамалды да қыздар жағы салады.Елден ерекше.Қыз өз қайынжұртында жасайды негізінен.Төркінде емес.Бірақ бұларға айтып түсіндіру қайдан.....

  • Наурызбай
    Наурызбай

    Жігіт жағынан сырға салуға,нақты кімдер барған жөн болады?

  • Сулу
    Сулу

    Күйеу жігіт барады ма

  • Нурсулу
    Нурсулу

    Сырға салуға күеу жігіті барады ма

  • Амина
    Амина

    Карапайым жазшы кудыныз

  • Айгерим Есенбекова
    Айгерим Есенбекова

    Кызга сырга салган (куйеу бала жактан) женгелерине сыйлык бериледи ма ? Кызды алып шыккан женгерлерге бериледи оны билемиз. Ал жігіт жактан сырға таккан женгеге берілу керекпа?

Пікір қалдырыңыз