«Туризм – өңір экономикасының негізгі драйвері»
Осы жылдың бес айында Түркістан облысына 143 100 турист саяхаттап келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,6 пайызға артық. Саяхатшылардың 77,8 пайызы отандық туристер болса, 22,2 пайызын шетелдік қонақтар құрайды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында баяндалды. Сондай-ақ жиын барысында жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен негізгі көрсеткіштері сараланып, алдағы жобалар таныстырылды.
Жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров туризм саласы өңір экономикасының негізгі драйверлерінің бірі екенін атап өтіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
– Туристік нысандардағы сервистік қызмет сапасын арттыруды, туристік бағыттарды әртараптандыруды, гидтерді даярлау және қайта даярлау жұмыстарын күшейтуді, инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыруды тапсырамын. Сонымен қатар халықаралық және ішкі туристер ағынын ұлғайту мақсатында өңірдің туристік әлеуетін шетелдік және отандық нарықтарда кеңінен насихаттау, цифрлық платформалар арқылы жарнамалық жұмыстарды жандандыру қажет, – деді облыс әкімі.
Жиында «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының директоры Асқар Абубакировтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, жыл басынан бері Түркістан облысына 31 823 шетелдік турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,2 пайызға жоғары. Шетелдік қонақтардың басым бөлігі Өзбекстан, Қытай, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттерінен келген. Бұл Түркістан облысының халық- аралық туристік бағыт ретіндегі тартымдылығының нығайып келе жатқанын көрсетеді.
Өңірдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен табиғи демалыс орындарына келушілер саны да өсуде. Есепті кезеңде табиғи аумақтарда 60 100 адам демалып, көрсеткіш 2,1 пайызға артты. Ал, туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 36,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге өсті.
Қазіргі таңда облыс аумағында 11 туроператор, 45 туристік агенттік және 43 сертификатталған гид қызмет көрсетуде. Туристерге көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында гидтердің біліктілігін жетілдіру, сервистік мәдениетті қалыптастыру, бірыңғай дерекқор мен гидтерге арналған арнайы чат-ботты дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Түркістан халықаралық әуежайы арқылы бүгінде 9 бағыт бойынша тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылуда. Оның ішінде 7 бағыт – ішкі, 2 бағыт – халықаралық рейстер.
Түркістан облысында оқиғалық туризм де қарқынды дамып келеді. Жыл басынан бері 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 100 мыңға жуық адам қамтылды. Атап айтқанда, Turkistan Night Run халықаралық жүгіру жарысы, Ethno Fashion Show, қолөнершілер көрмелері, TEDx Turkistan конференциясы, бизнес форумдар мен түрлі шеберлік сабақтары өткізілді.
Бүгінде Түркістан облысында туризмді дамыту бағытында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып, жаңа бастамалар қолға алынуда. Нәтижесінде өңірдің туристік әлеуеті артып, Түркістан халықаралық деңгейдегі тартымды туристік орталық ретінде дамуын жалғастыруда.
WIZARD GEO COORDINATES RECOVERY HACKER
HOW DO I RECOVER MY LOST CRYPTO FROM A SCAMMER? CONTACT // GEO COORDINATES RECOVERY HACKER There is an expert hacker that can help you in recovering all the money lost to scammers online. GEO COORDINATES RECOVERY HACKER It recently worked for me and I now have peace of mind after the huge recovery of all my lost funds. I’m truly grateful for their service and I recommend their service to everyone who needs to recover their stolen crypto funds. I will advise you to contact them with the details below. Email: geovcoordinateshacker@gmail.com Website; https://geovcoordinateshac.wixsite.com/geo-coordinates-hack Telegram @Geocoordinateshacker