ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ХАБАРЛАЙДЫ


«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8 - бабына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының  мүшелерін іріктеу жөніндегі

конкурс өткізілетіндігін  хабарлайды.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және конкурстық негізде  коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан қалыптастырылады.

Жұмыс тобының сандық құрамы жеті мүшеден тұрады.

Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан, өкілдік ету жұмыс тобы мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайды, азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері 2025 жылғы 15 қаңтардан бастап келесі құжаттарды, Түркістан облыстық мәслихатының  аппаратына:  Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, №18 мекен-жайы бойынша қолма-қол береді немесе maslihat.uko@yandex.kz электрондық поштасына жолдайды:

1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;

      2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

      3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

      4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

      5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі  - 5 жұмыс күнін құрайды.

Ұсыныстар қағаз түрінде: жұмыс күндері дүйсенбі - жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден сағат 19:00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-15:00, қабылданады.

Түркістан облыстық мәслихаты

 

Әбішов Нұралы Әлмаханұлы – Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы.  

Мәслихаттың орналасқан жері: индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 18.

Жауапты тұлға – Алиев Еркеғали, қалааралық код (872533), қызметтік сымтетіктің нөмерлері: 59-615, м.т. + 7 701 736 36 10 электронды поштаның мекен жайы: maslihat.uko@yandex.kz.

 

 

 

Қоғамдық кеңес туралы
үлгілік ережеге
1-қосымша

 

Нысан

 

Кімге _____________________
(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті
өкілді органның атауы)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
__________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))

 

Өтініш

 

      Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

       Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы                           2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) ________________________________________________________

      2) ________________________________________________________

      3) ________________________________________________________

      4) ________________________________________________________

      5) ________________________________________________________

      6) ________________________________________________________

      7) ________________________________________________________

      20___ жылғы «____»             Өтініш берушінің қолы ___________

 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ХАБАРЛАЙДЫ

 

   

«Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы                         26 ақпандағы №69 Бұйрығының 10-тармағына сәйкес Түркістан облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға ниет білдірген азаматтар                 2025 жылғы 15 қаңтардан бастап бес жұмыс күні ішінде осы хабарламаға қосымша нысан бойынша өтініш және Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесін Түркістан облыстық мәслихатының аппаратына, Түркістан қаласы,  Жаңа қала шағын ауданы, 32-көше, №18 мекен-жайы бойынша қолма-қол береді немесе maslihat.uko@yandex.kz электрондық поштасына жолдайды.

Ұсыныстар қағаз түрінде: жұмыс күндері дүйсенбі - жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден сағат 19:00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-15:00, қабылданады.

Түркістан облыстық мәслихаты

 

Әбішов Нұралы Әлмаханұлы – Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы.  

Мәслихаттың орналасқан жері: индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 18.

Жауапты тұлға – Алиев Еркеғали, қалааралық код (872533), қызметтік сымтетіктің нөмерлері: 59-615, м.т. + 7 701 736 36 10 электронды поштаның мекен жайы: maslihat.uko@yandex.kz.

Пікір қалдырыңыз