Түркістанның туристік әлеуеті – Лондон көрмесінде

WTM London 2024 – әлемнің түкпір-түкпірінен келген туризм саласының өкілдерін жинайтын ең ірі халықаралық туристік көрме. Биыл көрмеге Қазақстан Республикасының атынан Түркістан облысы да белсенді қатысуда. Аталған көрмеде «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы, Түркістан облысының туризм басқармасы мен Түркістан қаласының әкімдігі аймақтың туристік әлеуетін ұсынуда.

Қазақстанның тарихи орталығы саналатын Түркістан ежелгі сәулет ескерткіштері мен бірегей мәдениетті қамтитын әртүрлі туристік бағыттарды көрме көрермендерінің назарын аударды. Лондондағы көрме арқылы аймақтың шынайы сұлулығы мен байлығын көрсетіп, Түркістанның халықаралық туристік аренадағы орнын нығайтуға мүмкіндік туып отыр.
WTM London 2024 көрмесіне қатысу арқылы Түркістан облысының туризм индустриясын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылады деп күтіліп отыр. Халықаралық көрме аясында Түркістан облысының павильонына Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшісі Мағжан Ильясов келді.
Елші туризм саласында халықаралық серіктестермен жаңа әрі нәтижелі қарым-қатынастар орнату, туристік инфрақұрылымды дамыту және аймаққа инвестициялар тарту үшін осындай көрмелерде тәжірибе алмасудың маңызды екенін атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз