Жаңа әкім құрылыс жұмыстарымен танысты

Төлеби ауданының жаңа әкімі Еркеғали Әлімқұлов жұмысын ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен танысудан бастады. Тұрғындардың жиі көтеріп жүрген баспана мәселесіне назар аударып, ең бірінші Леңгір қаласы, Үміт көшесіндегі 5 қабатты, 120 пәтерлі 2 тұрғын үй алаңына арнайы барды. 

Азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мақсатындағы 5 қабатты 2 тұрғын үйде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Заманауи тұрғын үй нысаны жыл соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 
Аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстары сапалы жүргізіліп, көрсетілген мерзімде аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілу қажеттігін ескертті. Жауаптыларға құрылыс сапасы мен жұмыс қарқынын қадағалауды тапсырды. 
Пікір қалдырыңыз