Өзекті мәселелер сараланды

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Сары-ағаш ауданына арнайы іссапармен барды. Сапар барысында аудандық орталық мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, жамағатпен жүздесті. Ел бірлігін сақтауда руханият саласының өкілдеріне де артылар жүк көп екендігін айтып, халықты ауызбіршілікке, ынтымаққа жетелеуде белсенді болуға шақырды.
Бұдан соң күрделі жөндеуден өтіп, 2023 жылы пайдалануға берілген 400 орындық аудандық мәдениет үйінің жағдайымен танысты. Ертай Кенжебекұлы мәдениет үйі жанынан үйірмелерді көбейту керектігін, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану қажеттігін ескертті.
Аудандағы 46 мың кітап қоры бар орталық кітапхананы аралаған облыс әкімінің орынбасары кітапханашыларға заманауи тың идеяларды тауып, оқырмандарды қызықтыру жолдарын қарастыру қажеттігі туралы ойларымен бөлісті. Кітапханадағы интернет жүйесі мен білім орталығын қарап шығып, оқырмандар үшін жасалған жағдайды дұрыс бағалады. Алдағы уақытта кітапхана қорын сұранысқа ие кітаптармен көбейту бағытында жұмыстарды жандандыруға назар аударатындығын атап айтты.
Іссапар соңында аудандық «Жастар ресурстық орталығына» барып, жастармен жүздесті. Жас өскінді кез келген жағдайға бейімделе алатын азаматтар болуы үшін түрлі шараларға тарта отырып, NEET санатындағы жастармен көбірек жұмыс істеуді тапсырды. Сондай-ақ мектеп бітіруші түлектерге «Серпін» бағдарламасын кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізе отырып, жастарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан түрлі бағдарламаларға тартуға басымдық беру қажеттігін жеткізді.

1 пікір

  • Abigail Kelly
    Abigail Kelly

    If not for Baba Powers what would my life turn out to be? I want you all to please contact Baba Powers now to get the powerful black mirror from him. I want you all to also BELIEVE AND TRUST HIM because whatever he tells you is the TRUTH and 100% guaranteed. The black mirror makes it happen, attracts abundance. I bought the black mirror from Baba Powers and now, I am super rich and successful with the help of the black mirror. When I first saw the testimonies of Baba Powers of the black mirror, I thought it was a joke but I contacted him to be sure for myself and to my greatest surprise, the black mirror is real. The black mirror is powerful. Check him out on his website to see plenty of amazing testimonies from people about him. These are some of the people that he has helped. Here is his website; Babablackmirrorsofpowers.blogspot.com and here is his email; Babablackmirrors@gmail.com I really can't thank you enough Baba Powers. God bless you, thank you

Пікір қалдырыңыз