Жастардың жанашыры

Еліміздің түкпір-түкпірінде Мырзашөл өңірі туралы, оның еңбекқор халқы туралы жылы лебіздер аз айтылмайды. Егер Мырзашөл жайлы оң пікірлер көп айтылып жатса, онда оның осындайлық құрметке бөленуінде осында туып, елге танылған оғландар мен таланттардың зор үлесі бар. Есімін ел құрметпен атайтын Қалдарбек Найманбаев, Мыңжасар Маңғытаев, Төрегелді Қыстаубаев, Мырзагелді Кемел, Сабырхан Асанов, Исраил Сапарбай, Мылтықбай Ерімбетов сынды талант иелерін өмірге келтірген киелі өңірден әлі талай елім деген ерлер дүниеге келсе керек. Тек олардың өнегелі өмірін кейінгі жастарға үлгі ете білуіміз керек.  Сондай-ақ, бұл өңірден Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері де аз шықпаған. Бір жақсысы, солардың тәрбиесін көріп, тәлімін алған жастар да бүгінде аға буынға айналып, олардың өздері іздерінен шәкірт ертетіндей дәрежеге жетіп отыр. Өткен күндерін, жұмысқа жаңа келген шақтарын сағынышпен еске алып, алдыңғы буын ағаларынан үйренген өнегелерін жиі айтып отыратын, бүгінде аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып жүрген Тұрышбек Елшібаевтың өзі алпыстың үстіне шыққан. Кейде осындай елгезек, қағілез жандарды екі буын арасында елші болып, бір-бірін байланыстырып жүруі үшін Жаратқанның өзі жібереді-ау деп ойлаймын. Тұрекең аузынан тастамай айтып жүретін Зайырбек Ахметов пен Спақұл Малдыбековтерді кейінгі жастар көрген жоқ, бірақ елші Елшібаев арқылы көрмесе де көргендей жақсы біледі. Бір жақсысы, жастар арасында соларға ұқсап баққысы келетіндер, еліктейтіндер аз емес. Жақсыға еліктегеннің жаман болған жері жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, өмірі өнегелі жандарды кейінгі жастарға үлгі етіп жүрген Тұрекеңнің еңбегі де ескеруге тұрарлық.
Жалпы, Елшібаевтар әулетін бұл өңір тұрғындарына таныстырып жатудың қажеті жоқ. Ағайынды бес-алты азамат аудандағы бұйырған қызметтің тұтқасын ұстап, қал-қадерлерінше елге қызмет етті. Мектеп директоры болған Болат Елшібаевпен бір салада жүргендіктен тонның ішкі бауындай араластық. Марқұм мың болғыр азамат еді. Одан басқалары да артынан жаман сөз ерткен жоқ. Таяуда Тұрышбек Күлішұлы аудан әкімінің идеология жөніндегі орынбасары болып бекітілді. Біраздан бері кадр тұрақтамай, аттай қалап алып келген азаматтардың өзі жұмыс үдесінен шыға алмай, бұл саланың жұмысы кәдімгідей қажырап кеткен еді, енді Елшібаев оны аяғынан тұрғызады деген сенім бар.
Тұрекеңе ауыл шаруашылығы саласы да таңсық емес. Өйткені, бала кезден әкесі Күлішке еріп, еңбекқор болып өсті. Бала болып көз ашқаннан төрт түліктің арасында өскен ол Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын мал дәрігері мамандығы бойынша бітірді. Жоғары оқу орнын ойдағыдай бітірген Тұрышбек еңбекке қызу араласады. Өткеніне қарасақ табаны күректей қырық жылдан астам уақыт бойы ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқарыпты. Ветфельдшер, ветеринариялық дәрігер, ветстансаның басшысы, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, Жетісай қаласының әкімі, аудан әкімінің орынбасары сияқты жауапты қызметтер атқарды. Қай салада жүрсе де ел үшін аянбай еңбек етіп келеді. Әр іске байыппен қарап, өзі ұстаз тұтатын азаматтардың үлгі-өнегесін үнемі назарда ұстап, керек кезінде олардың іс-тәжірибелерін жиі пайдаланып жүреді. Еңбек адамын тәрбиелеу үшін оларға үлгі болуға лайық азаматтарды кеңінен насихаттай білуіміз керек деген ол енді міне, идеологиялық жұмыстарға белсене кірісіп кетті.
Тұрышбек Елшібаев нағыз өнер жанашыры. Қолынан келсе өнер адамдарына қызмет етуге дайын тұратын ол осы өңірдегі қаламгерлерді де қолдап-қуаттаумен келеді. Мақтааралдың марғасқалары – ақын Әлібек Мейірбекұлының, журналист Сәрсенбек Ысқақов пен жазушы Нұрғали Қадырбаевтың кітаптарының жарыққа шығуына ұйытқы болғанын да мырзашөлдіктер жақсы біледі.
Жетісайдың осындай жігіттері барда өткенінен өнеге алып, келешегіне сеніммен қадам басатын жастардың көптеп шығатынына біз де сенеміз.

Жеңіс БАЙЖАНОВ,
журналист.

1 пікір

  • Alexa Mika
    Alexa Mika

    Help To Recover Scammed Cryptocurrency // Lost Recovery Masters I never thought I would get scammed of all my assets on this exchange which I was warned by friends to keep off the exchange, they stole all my life saving the total funds of $88k worth of bitcoin. I couldn’t believe bitcoin could ever be recovered, all thanks to a kind hearted team of Lost Recovery Masters they just offered me top notch services and they are capable of offering hacking services of any sort. To that one person or persons out there who really need a true and efficient cryptocurrency recovery expert I would advise you to contact Lost Recovery Masters via Email: Support@lostrecoverymasters.com Whatsapp +44(7537)-105921 Website: https://lostrecoverymasters.com

Пікір қалдырыңыз