МӘМС қаржысы қайда сақталады?

Осы сұрақ қазір көпшілікті қатты толғандырады. Ол түсінікті де. Себебі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға азаматтар жарнаны өз қаржысы есебінен төлейді. Сондықтан оның қайда, қалай сақталатыны туралы ақпаратты кім-кімнің де білгісі келеді. Және ол орынды да. Шынында қазақстандықтардың МӘМС-ке аударған ақшасы қайда сақталады? Қараша жұртты толғандырған осы бір сауалға әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры не деп жауап береді? Тыңдайық.  
Алдымен сенімгерлік басқару шарты жасалады.
МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы шотына түседі. Сосын халыққа көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу үшін медициналық ұйымдарға жіберіледі. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 21-бабында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры инвестициялық қызметті қордың активтерін (МӘМС қаражатын) ҚР Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады» деп көрсетілген. Бұл ретте қор мен Ұлттық Банк арасында сенімгерлік басқару шарты жасалады.
Ұлттық Банк артылған (МӘМС есебінен көрсетілген медициналық қызметтерге төленгеннен кейін қалатын) ақшаны қаржы құралдарының бекітілген тізбесіне сәйкес, қатаң түрде бағалы қағаздар мен депозиттерге орналастырады. Бұл инвестициялық табыс алуға, яғни МӘМС жүйесінің жинақталған активтерінің сомасын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Олар өз кезегінде тек медициналық қызметтерге ақы төлеуге бағытталады және қордың қажеттілігіне жұмсалмайды. Қор МӘМС қаржысын өз еркімен орналастырмайды.
Ал, енді қорда қанша қаржы бар деген мәселеге келсек, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2017 жылдан бері жинақталған МӘМС активтерінің қалдығы 933 миллиард теңгені құрады. Биылғы төрт айда қорға 441 миллиард теңге (МӘМС) жарналары мен аударымдар түсті. Оның ішінде 42 миллиард теңге мөлшерінде инвестициялық табыс алынды. Ал, медициналық көмекке ақы төлеуге жұмсалған шығыстар – 354 миллиард теңге. Осылайша биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қор активінің қалдығы 1020 миллиард теңгені құрады.
Ұлттық Банк МӘМС активтерінің бұл қаражатын өзінің қысқа мерзімді депозиттеріне – 171 миллиард теңге, орта және ұзақ мерзімді облигацияларға – 108 миллиард теңге, ал, мемлекеттік бағалы қағаздарға 741 миллиард теңге орналастырды.
2023 жылы алынған инвестициялық табыс 113 миллиард теңгені құрады, яғни МӘМС пакетінің бюджетіне қосымша 113 миллиард теңге түсті. Айта кету керек, 2022 жылмен салыстырғанда инвестициялық кіріс 1,6 есе өсті. Бұл қаражат МӘМС-тің қалған активтерімен бірге жыл басында медициналық ұйымдармен 2024 жылға жасалған шарттар бойынша 30 пайыз мөлшерінде аванс төлеуге бағытталады.  

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

1 пікір

  • Alexa Mika
    Alexa Mika

    Help To Recover Scammed Cryptocurrency // Lost Recovery Masters I never thought I would get scammed of all my assets on this exchange which I was warned by friends to keep off the exchange, they stole all my life saving the total funds of $88k worth of bitcoin. I couldn’t believe bitcoin could ever be recovered, all thanks to a kind hearted team of Lost Recovery Masters they just offered me top notch services and they are capable of offering hacking services of any sort. To that one person or persons out there who really need a true and efficient cryptocurrency recovery expert I would advise you to contact Lost Recovery Masters via Email: Support@lostrecoverymasters.com Whatsapp +44(7537)-105921 Website: https://lostrecoverymasters.com

Пікір қалдырыңыз