Миллионер қайыршылар

Қазір мектеп оқушыларының өзі дүние жүзіндегі ең дәулетті адамдардың кімдер екендігін және олардың қанша байлығы бар екенін өте жақсы біледі. Ал, сіз әлемдегі ең бай қайыршы кім екенін білесіз бе? Білмесеңіз айтайық, ол әлі күнге дейін Мумбай көшелерінде қайыр сұрап жүретін Бхарат Джайн есімді азамат. Джайн қазір бір миллион долларға жуық байлықтың иесі (75 миллион рупий) және отбасының қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз ете алады. Бірақ ол қанша байыса да өзінің осы бір «сүйікті кәсібін» тастай алмай жүрген көрінеді.

Үндістанның ең беделді әрі сенімді дереккөзі «Indiatimes News» біз айтып отырған ең бай қайыршының айына 60-75 мың рупий (бір мың АҚШ долларына дейін) табыс табатынын айтады. Ал, бұл ақша Үндістанда жақсы өмір сүруге молынан жетеді. Себебі, бұл елде ресми түрде белгіленген орташа жалақы айына – 400 долларды құраса, көптеген жұмыс орындары жалақыны сағатына 59 центтен, айына шамамен 200 доллардан төлейді. Үндістандағы бағаның арзан екендігін ескерсек, бұл азаматтың шынымен біршама байлық жинап алғанын болжау қиын емес.
Бұл Джайныңыз Мумбайдағы құны 12 миллион рупий (146 мың АҚШ доллары) болатын екі қабатты пәтердің иесі. IndiaTimes-тың біршама уақыт бұрын жариялаған ақпаратына сүйенсек, оның жеке меншігінде тағы екі пәтер бар екен, олардың құны шамамен 160 мың АҚШ долларын құрайды. Сондай-ақ, ол Танядағы екі дүкенін жалға беріп, айына 30 мың рупийден (360 АҚШ доллары) алып отырады екен. Джайннің мүлкі мен басқа да активтерінің жалпы құнының қанша екені белгісіз, бірақ Economic Times оның байлығын шамамен бір миллион АҚШ долларына бағалаған.
Джайн «Chhatrapati Shivaji Maharaj Terminus» теміржол вокзалында және Азад-Майданның ең көрікті жерлерінде қайыр сұрап жүреді екен. «Адамдар жүз рупий табу үшін таңды таңға ұрып жұмыс істесе, Бхарат адамдардың жомарттығының, қайырымдылығының арқасында күн сайын 10-12 сағат ішінде 2000-2500 рупий (30 АҚШ долларына дейін) табады» деп жазады жергілікті басылымдар.
Қазір ол 55 жаста. Елдегі қаржылық тұрақсыздыққа байланысты жоғары білім ала алмаған. Дегенмен, Джайнның отбасы бар. Әйелі, екі ұлы, ағасы және әкесімен бірге тұрады. Қайыршының балалары монастырь мектебінде білім алатын көрінеді. Джайнның отбасындағы басқа мүшелер кеңсе керек-жарақтары дүкенінде сауда жүргізеді. Дереккөз ақпараттарына сүйенсек, туыстары Джайнға үнемі қайыр сұрауды тоқтату туралы кеңес береді екен. Бірақ ол сүйікті кәсібін тастағысы келмей, қолы қалт етсе, көшеге шығып, қайыр сұрап келеді екен.
Жалпы, жер бетінде Джайн сияқты табысты қайыршылар аз емес. Солардың бірі – Саймон Райт. 37 жастағы лондондық кәсіби қайыршы садақа сұрауға күніне 8 сағат уақытын, ал, демалыс күндері одан да ұзақ уақытын жұмсайды. Ебір-жесір киініп, ит жетектеп жүреді. Күн сайын жанынан өтетін мыңдаған тұрғыннан түсетін жылдық табысы шамамен 50 000 АҚШ долларын құрайды екен. Әр кеш сайын ол өз үйіне шамамен 300 000 фунт-стерлингпен оралады.
Ал, бірнеше жыл бұрын 100 жасқа толған Эйша есімді әйел саналы өмірін Джид қаласында қайыр сұраумен өткізген. Көзі көрмейтін ол жылдар бойы көшеде жұпыны киініп алып, қайыр сұрап отыратын болған. Бұл қайыршы қайтыс болған кезде 800 мың доллардай ақшасы, құны 220 мың АҚШ долларын құрайтын зергерлік бұйымдары мен біршама қымбат мүліктері бар екені белгілі болған. Бірақ оның бар байлығы иесіз қалды...
Бомбейде өмір сүретін Самбаджи Кале болса, бүкіл отбасымен қайыр сұраумен айналысады. Оның отбасы бір күн ішінде 1000 рупий табады екен. Сондай-ақ, олардың банкте 4000 рупийі және инвестициялық компанияда есепшоты бар екен. Дегенмен, олар қазір қайыр сұрауды тоқтатып, өздерінің сәнді пәтерлерінің біріне көшуді жоспарлап жүрген көрінеді. Кришна Кумар Гите бе Бомбейде тұратын қайыршы. Ол кедей болып көріну үшін арзан мата оранып жүреді екен. Бірақ оның қызметшілеріне, мысалы күзетшілеріне қарасаңыз, оның өте бай екенін оңай аңғарасыз. Ол бір күнде 1,5 мың рупийге дейін жинайды екен және өз үйінде тұрады.
Уилл Андерсон болса Нью-Йоркте өмір сүретін, жасы қырықтан енді асқан бұрынғы театр қызметкері. Ит жетектеген ол қазір күн сайын қайыр сұрап, сағатына шамамен 200 АҚШ доллары көлемінде табыс табады. Ал, Гари Томпсон есімді азамат мүгедектер арбасында отырады. Бірақ адамдар оның физикалық және психикалық тұрғыдан әдейі мүсәпір сияқты болып көрінетінін біле бермейді. Өзінің айтуынша, жылына 100 000 АҚШ доллары көлемінде табыс табады екен.
Әлбетте, кей адамдар осы мақаланы оқып, әртүрлі ойға кетуі мүмкін. Десе де, бір-ақ рет берілетін өмірде ешкімге кіріптар болмай, адал еңбектің нанын жегенге не жетсін!

Б.МЕЙІРХАНҰЛЫ.

1 пікір

  • Alexa Mika
    Alexa Mika

    Help To Recover Scammed Cryptocurrency // Lost Recovery Masters I never thought I would get scammed of all my assets on this exchange which I was warned by friends to keep off the exchange, they stole all my life saving the total funds of $88k worth of bitcoin. I couldn’t believe bitcoin could ever be recovered, all thanks to a kind hearted team of Lost Recovery Masters they just offered me top notch services and they are capable of offering hacking services of any sort. To that one person or persons out there who really need a true and efficient cryptocurrency recovery expert I would advise you to contact Lost Recovery Masters via Email: Support@lostrecoverymasters.com Whatsapp +44(7537)-105921 Website: https://lostrecoverymasters.com

Пікір қалдырыңыз