Атқарылған жұмыстарға талдау жасалынды
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен мәжіліске қала әкімінің орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.
Мәжілісте Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Асылхан Кентау қаласы және оған қарасты ауылдарда заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Жыл басынан бері қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қалалық полиция және қалалық жер қатынастары бөлімімен бірлесіп, 26 рейдтік іс-шара ұйымдастырған. Нәтижесінде, қала аумағындағы «Байылдыр қалдық қоймасы», Қаратау мөлтекауданы және Су қоймасы маңайынан жер қойнауын заңсыз пайдаланып, тасымалмен айналысып жүрген ауыр жүк көліктері анықталды.
Анықталған фактілер бойынша заң талаптарына сәйкес шара көру үшін Кентау қалалық полиция бөліміне хат жолданды. ҚПБ тарапынан 13 ауыр жүк көлігіне әкімшілік-құқық бұзушылық туралы шара көру мақсатында Түркістан облысының экология департаментіне хат жолданған.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе Кентау қаласы бойынша тағамнан улану жағдайларына арналды. Мектепке дейінгі ұйымдардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Н.Рабат баяндады.
Сондай-ақ, 109 байланыс орталығының басшысы Ж.Қожахмет қаладағы секторлар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.
Әр сала басшысының баяндамасын тыңдаған қала әкімі бірқатар мәселелерді көтерді. Заңсыз жер қойнауымен айналысып жүргендерді анықтап, оларға тосқауыл қою бойынша қатаң тапсырма берді. Сонымен қатар қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен қалалық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына қаладағы тамақтану орындарының иелерімен кездесу ұйымдастырып, арнайы мамандармен семинар өткізуді тапсырды.
Кентау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.