Түркістандық болат балқытушы марапатталды

Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Түркістан облысында да еңбек адамына құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тәжірибелі маман, Түркістан өңірінің дамуына үлес қосқан металлург Нұрлан ҚАДЫРӘЛИЕВКЕ «Құрмет» орденін тапсырды. 1965 жылы туған азамат Шымкент механикалық зауытында слесар әрі болат балқытушы болған. Қазір «KARLSKRONA LC AB» компаниясында бас болат балқытушы болып жұмыс істеп жүр. Жалпы еңбек өтілі 40 жылға жуықтаған.
Облыс әкімі марапат иесіне Президентіміздің еңбек адамдарына құрмет көрсетудегі бастамалары туралы айта келе, Түркістан облысын дамытуда металлургтердің де үлесі бар екенін жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз