Оқушыларымыз озық шықты

Мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстарын шыңдау мақсатында өткізілген «Зерде» республикалық байқауында біздің оқушыларымыз да көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Түркістан қаласындағы «Abay school luceum» мектебінде он бағыт бойынша өткен сайысқа 2-7 сынып аралығындағы өнерлі оқушылар қатысты.

Таудың тасындай іріктеліп алынған талантты оқушылардың арасында жүзден жүйрік шыққан жетісайлық оқушыларға жеке-дара тоқталар болсақ, орыс тілі бағыты бойынша Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы Нұрай Піржанқызы ІІІ орын (Жетекшісі Шолпан Сүлейменова) алса, Гүлшат Қасмұрзаевтың жетекшілігіндегі №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушылары Арон Бекмұрза мен Жансезім Әділхан мақтау грамотасымен марапатталды.

Туризм және спорт бағыты бойынша Әлия Қасымбекованың жетекшілігіндегі №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Динара Дәуренқызы жүлделі ІІІ орыннан көрінсе, сол мектептің 4-сынып оқушысы Аяна Асылханқызы (Жетекшісі Табиғат Аралбаева) мақтау қағазымен марапатталды. Математика бағыты бойынша №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Кәусар Нұрғалиқызы (Жетекшісі Ақмарал Құдасова) ІІ орын, химия, биология бағыты бойынша №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы Дарина Бакеева (Жетекшісі Жұлдыз Балғымбаева) ІІІ орын, №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының Алғабас Түлентаев жетекшілік ететін 7-сынып оқушысы Асылжан Асқарұлы І орыннан көрінді.

Медицина, психология, экология бағыты бойынша №55 мектептің 2-сынып оқушысы Айару Маратқызы (Жетекшісі Оралкүл Әбдірахманова) ІІІ орын, №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушылары (Жетікшісі Нұрсұлтан Надиров) Заит Диас пен Әлжан Аян жүлделі І орыннан көрінді.

Қазақ тілі мен әдебиеті бағыты бойынша Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Ләйлім Әділхан (Жетекшісі Баян Нағымбетова) І орын, Ж. Сауырбаева атындағы №16 жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы (Жетекшісі Гүлшат Бимбетова) ІІ орынды жеңіп алды. Тарих, өлкетану бағыты бойынша Н.Оңдасынов атындағы №14 мектептің 3-сынып оқушысы (Жетекшісі Назым Махмұтқожаева) Амина Айдосқызы ІІІ орын, осы мектептің 7-сынып оқушысы (Жетекшісі Гүлмира Әбілқасымова) Диана Асқарқызы ІІІ орын алды. Информатика, робототехника бағыты бойынша Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы (Жетекшісі Назерке Сұлтанбекова) Ахмет Рамазан Асылбекұлы мақтау грамотасымен марапатталса, №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы (Жетекшісі Бағдаәлет Сәбитұлы) Нұрислам Бекжанұлы ІІІ орын, технология және өнер бағыты бойынша Д. Қонаев атындағы №9 мектеп-лицейдің 6-сынып оқушылары (Жетекшісі Жұмағали Базарбайұлы) Асан Нажимиддин мен Уалихан Байкен ІІІ орыннан көрінді.

Міне осылайша облыстық байқауда біздің бірқатар оқушыларымыз жүлделі орындардан көрініп, мерейімізді тасытыо отыр. Ендеше, облыстық байқауда бағы жанып, Республикаға жолдама алған оқушыларға сәттілік тілей отырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектестік білдіреміз.  

Ұлсерік РАЙХАНОВА,

Жетісай аудандық білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері.

Пікір қалдырыңыз