COVID-19 және жүктілік

Коронавирус – жұқпалы өткір инфекция. Қатерлі дертке бастың ауыруы, суық тию, кеуде тұсының ауырсынуы, пневмония, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, жүрек қағысының жиілеуі, тыныс алудың жиілеуі сынды белгілер тән. Жүкті әйелдерде әдетте, иммундық қорғаныс жүйесі әлсірегендіктен тыныс алу жолдарының инфекцияларына жиі ұшырайды. Әдетте, жүкті әйелдер инфекцияны жұқтырған жағдайда, көбінесе ауыр асқынуларға алып келеді. Мысалы, ерте және кеш түсік, мерзімінен ерте босану, мерзімінен бұрын қағанақ суының кетуі, жатырішілік инфекция, көп сулылық.

Инфекцияның көзі — бұл науқас адам (немесе тасымалдаушы) болып табылады. Ол жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа-тамшы жолдары арқылы жұғады. Жүкті әйелдер өздерін инфекциядан, атап айтқанда, коронавирустан қорғануға ерекше назар аударулары керек. Ол үшін:

– жүкті әйел үнемі маска киюі керек;

– мүмкіндігінше үйден шықпай және басқа адамдармен қарым-қатынасты шектеу;

– қолды сабынмен жиі жуып немесе спиртті санитайзермен тазалау;

– балалармен және басқа отбасы мүшелерімен қарым-қатынас кезінде ұстамдылық таныту;

– мүмкін болса қоғамдық көлікке мінбеу;

– қашықтан жұмыс істеу;

– қоғамдық орындарда, жабық немесе тар жерлерде арақашықтықты сақтау;

– өздерін уақтылы қажетті тамақ пен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуі қажет.

АИТВ (ВИЧ) инфекциясы бар жүкті әйелдер коронавирус жұқпасын жұқтырып алған жағдайда жоғарыда көрсетілген нұсқауларды ұстануы тиіс. Сонымен қатар баланы емшек сүтімен емізуге болмайды. Міндетті түрде АРТ препаратын үзбей ішу керек. Егер жұқпалы немесе басқа да аурулардың симптомдары пайда болған жағдайда дереу дәрігерге хабарласу керек. Әсіресе, мына жағдайда:

– тыныс алу қиындаса;

– кеудеде үнемі қысылу байқалса;

– әдеттен тыс ұйқышылдық пайда болса;

– бет ағарып, ерін кезерсе;

– басқа да көптеген бұрын болмаған ауру симптомдары байқалса.

Ботагөз МАЙСАРОВА, Шымкент қаласы ЖИТС орталығының гинеколог дәрігері.

 

 

Пікір қалдырыңыз