Глаукома емделеді!

Глаукома (суқараңғы) – көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруы. Өкініштісі, науқастар ол туралы көру қабілеті нашарлаған немесе соқырлыққа әкелген кезде ғана біліп, өкініште қалады. Аталған ауруды өте тиімді әдістермен емдеуге болады. Сондықтан дүниежүзілік глаукома қауымдастығының осы ауруға шалдыққан әлемдегі пациенттер желісімен бірлесе отырып ұйымдастырған жаһандық бастамасы – Дүниежүзілік глаукома апталығын өткізу. Оның мақсаты – адамдарға бұл дерттің зиян тұстарын жеткізу, оларды көзішілік қысымды үнемі тексеруге шақыру. Бұл шара жаһан дәрігерлерінің глаукоманы жеңуіне септігін тигізбек.
«Глаукома – бұл бір ғана ауру емес, тұтас аурулар тобы. Глаукома, әдетте, жоғары көзішілік қысыммен қатар жүреді. Алайда, қысым қалыпты нормада болған кездегі глаукоманың ерекше түрі туралы да ұмытпау керек» дейді Президенттік клиниканың бас офтальмологы, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Мәдина Құрманғалиева.
Індеттің бір белгісі дәл осы көзішілік қысымның жоғарылауы болып табылады. Бұл кезде ақпаратты көзден миға жеткізіп, көруімізге себеп болатын жүйке қайтымсыз өзгеріске ұшырайды. «Көзішілік қысымның жоғарылауы біртіндеп атрофияға әкеліп, көру жүйкесін зақымдайды» дейді Мәдина Маратқызы. – Бұл процестің нәтижесі бірден байқалмайды: глаукома ешқандай белгілерсіз де пайда болуы мүмкін. Соның салдарынан науқас ештеңеге шағымданбайды, бірақ көру қабілетінің нашарлауы байқалады. Ауру асқынғанда көру алаңы күрт тарылып, төртінші кезеңінде көру қабілеті мүлдем жоғалады. Мұндай жағдайда емделуші тиісті ем қабылдамаса, соқыр болып қалуы әбден мүмкін».
Бас офтальмолог Мәдина Маратқызы глаукоманың нақты диагнозын қою үшін бірқатар тексерулер жүргізу өте маңызды деп санайды. Себебі, зерттеу нәтижелері аурудың үш белгісін анықтауға мүмкіндік береді. Тонометрия көздің қысымын өлшесе, периметрия көру қабілетін бағалауға қажет. Келесі кезекте жүйкесінің жай-күйі туралы естен шығармау керек. Жүйкені офтальмоскопия немесе көру жүйкесінің оптикалық когерентті томографиясы арқылы тексеруден өткізеді. Осыдан кейін дәрігер глаукоманы дәл анықтап, емдеудің әдісін ұсынады.
Халық арасында глаукома емделмейді деген пікір бар. Осы жансақ пікірді жоғары санатты дәрігер Мәдина Құрманғалиева жоққа шығарды. Оның айтуынша, глаукома – созылмалы прогрессивті ауру. Ол артериялық гипертензия секілді өмір бойы жеке бақылауды қажет етеді. Оны бақылап, жақсы күтіммен қараған жағдайда көру қабілетін сақтап қалуға болады. Егер салыстырмалы түрде кеш анықталса, операция кезінде көру қабілетін қалпына келтіру мүмкін болмайды.
Қысымды төмендетуге тамшылар, лазерлік және микрохирургиялық операциялар арқылы қол жеткізуге болады. Емдеу әдісін таңдау глаукоманың формасына және глаукомалық процестің кезеңіне байланысты. Қазіргі таңда глаукоманы тоқтата алатын тиімді заманауи операциялар мен тамшылар бар.
ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы.
Ағайша
Глаукома да тималол емес,азарға,тафлотан тамызу керек, и инвалидность алу керек
Маржан
Менің жасым әлі 28 де бар болғаны.Глаукома болдым бір көзім.Казір енді екінші көзімді уайымдаумен күнім өтуде.Нестеуге болатынын бірден жазылып кету деген болар мекен?Бұның емін қацдан табамыз билмим
Махамбеталиева ирисгул
Менде глоукоманын екінші кезені Мадина Курмангалиеваны кайдаг табамыз
Мөлдір Игілік
Сәлеметсіз бе? Мен Мөлдір. Жасым 38 де. 2 степень зак.угол.я глаукома деген диагнозбен жүремін. Лазермен ота жасады. Қайта төмендеп кетті. Катты аурумен кешеди. Кəзір оптан тималол тамызамын. Басқа қандай басшылар көмектеседі?