Оңалту орталығы ашылды
Нұрсұлтан Назарбаев «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастамалары форумына қатысты. Форум барысында «Ел үміті» жеңімпаздарын марапаттау және Нұр-Сұлтан қаласында, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында оңалту орталықтарының ашылу салтанаты өтті.
Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекет әрқашан бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуге ерекше назар аударғанын атап өтті.
«Жастар жылы аясында дарынды балаларды қолдау мақсатында мен «Ел үміті» бастамасын ұсындым. Сонымен қатар, біз маңызды жоба – «Қамқорлықты» бастадық. Бүгін біз осы бастамалардың нәтижелерімен таныстық» деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Онлайн түрде өткен шарада Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев сауықтыру орталығының тұсауын кесіп, Елбасының еліміздің дарынды жастарын анықтау және қолдау бойынша «Ел үміті» бастамасының жеңімпаздарын марапаттады.
«Елбасы медалі» бойынша бес бағытта көш бастаған Сарыағаш ауданының оқушысы Марғұлан Әділбек, «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жүлдегері, Жетісай ауданының «Дарын» мектеп-интернатының оқушысы Өтелбай Дәуірхан, Шымкент қаласындағы ер балаларға арналған лицей-интернатының оқушысы Шерхан Жамбеков арнайы медальдарға ие болды.
Нұрсұлтан Назарбаев қорының «Қамқорлық» оңалту орталығы Түркістан облыстық балалар ауруханасының тұсынан ашылды. Орталық АҚШ, Италия, Германия, Австрия және Ресей мемлекеттерінен әкелінген 100-ге жуық жаңа құрал-жабдықтармен қамтылған. Бас серіктес – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ АҚ. Орталық Түркістан облысы мен Шымкент қаласының балаларын қабылдайды.
Оңалту курсы 21 күнді құрайды. Мұнда жылына 360 баланы сауықтыру жоспарлануда. Ерте даму орталығындағы кешенді емі мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және ақыл, дене жағынан дамып жетілуін қалыптастыруға септігін тигізеді. Атап айтқанда, қозғалыс пен сөйлеудегі көрсеткіштерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
«Қамқорлық» бастамасы – ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған қам-қарекет. Инклюзивті қоғамды дамыту – мемлекет пен қоғам алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі. Қазақстанда ерекше білім алуды қажетсінетін 153 000 бала бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Абдуллаева шынар
Адрес Кай жерде
Серикбаев Берик Асилбекович
Улкендер бара алама оналту орталыгына екинши топтагы мугедекпин