Зағипа – бас жүлдегер!

Жастардың таудай талабы мен ізденімпаздығын көргенде алаң көңіл сабасына түседі. Осындай жастардың бірі – «Алтын ғасыр» шығармашылық орталығы ұйымдастырған дарынды балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық байқауда бақ сынап, «Көркемсөз» жанры бойынша бас жүлдені қанжығасына байлаған Зағипа Әбен.

Түлкібас ауданындағы Әл-Фараби атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы хакім Абайдың «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» атты өлеңін мәнерлеп оқып, көрермендердің шексіз ризашылығына бөленді. Бұл оның алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін ол «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты республикалық байқаудан ІІІ орын иемденген.

 Зағипаның бұл жеңісі жастарды кітап оқуға жетелері сөзсіз. Өлеңге, жазуға жаны құштар оның мақалалары аудандық газетте жиі жарияланады. Оқуда да озат. Талапты да талантты қызға жүлдең құтты болсын дегіміз келеді.

Айгүл СҮНДЕТОВА. Түлкібас ауданы.

Пікір қалдырыңыз