Түркістандықтар топ жарды

Астана қаласында педагогтердің республикалық тамыз конференциясы аясында «Дене шынықтыру – адами капиталды дамытудың стратегиялық негізі: заманауи тәсілдер, инновациялар және үздік тәжірибелер» тақырыбында секциялық отырыс өтті.
Жиында Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы жарияланып, жалпыкомандалық есепте Түркістан облысы 735 ұпаймен І орынға ие болды.
Алматы қаласы 646 ұпаймен ІІ орынға, ал, Жамбыл облысы 641 ұпаймен ІІІ орынға ие болғанын айта кетейік. 
Бұл – өңірде бұқаралық және балалар спортын дамытуға, оқушылардың спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Жас спортшылардың жоғары көрсеткішке қол жеткізуіне ұстаздар мен жаттықтырушылардың еңбегі, ата-аналардың қолдауы және балалардың табандылығы негіз болды.
Өңірде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға, спорттық инфрақұрылымды жетілдіруге және өскелең ұрпақ үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тұрақты қолдауымен жүзеге асырылып келеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз