Бір жарыстан – 5 жүлде!
Бангкок қаласында суда жүзуден өткен Тайландтың ашық біріншілігінде жерлесіміз Ғалымжан Балабек үздік өнер көрсетті. Ол тартысты бәсекеде ел қоржынына 3 алтын және 2 күміс медаль салды.
Спортшы ұзақ әрі орта қашықтықтарда қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Ғалымжан 1500, 400 және 200 метрге еркін жүзуден чемпион атанды. Ал, 800 және 100 метрлік қашықтықта мәре сызығын екінші болып қиды.
Түркістандық талантты спортшының бір жарыста 5 бірдей медаль еншілеуі – оның физикалық дайындығы мен тактикалық шеберлігінің айқын дәлелі. Бұл жеңіс облыс спортшыларының халықаралық аренадағы әлеуеті жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.