Әуезовтіктер «ұлттық» мәртебесін иеленуді мақсат етіп отыр
Мұхиттың тереңдігін, таудың биіктігін, жазықтың ұзақтығын өлшеуге болады. Алайда, білімнің деңгейін таразылау оңай емес. Адамның ой-санасын, көңіл көкжиегін бір өлшеммен салыстыруға болмайды. Әсіресе, мына жасанды интеллект заманында жастардың білім деңгейін барынша дамыту, оларды жаңаша ойлауға бейімдеу, жаңашылдыққа ұмтылдыру үлкен жауапкершілікті, іскерлікті, терең білімді керек етеді. Іргетасы қаланғанына жуырда сексен жыл толатын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің алдында да Мемлекет басшысы қойған келелі міндеттер тұр. Сондықтан университеттің жаңа тағайындалған басқарма төрағасы-ректоры Мұхтар Төлегеннің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен «Әуезов университеті: жаңа серпін, жаңа белес» атты кездесуі осы мәселелерге арналды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жасанды интеллект саласында мамандарды сапалы даярлаудың және цифрлық оқытудың маңызын айрықша атап өткен болатын. Осы ретте арнайы бағдарлама әзірлеу қажеттігі баса айтылды. Бұдан тыс ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын қалыптастыру қажеттілігі де еске салынды. Бұл орайда университеттегі жаңа қадамдар көңіл қуантады. Айталық, білім ошағындағы бүкіл аудиториялардағы сабақ барысын бақылап отыруға арналған бейнебақылау жүйесінің енгізілуі бастапқы қадамдардың бірі. Міне, осы жүйе орнатылғалы бері профессор-оқытушылар құрамының дәрістерді қай деңгейде жүргізіп отырғаны айнадағыдай көрініп тұрады. Олардың лекцияны қалай өтіп жатқаны, оқытушының білімі, студенттерді тақырыпқа тартудағы тәсілдері бақылаушылардың көз алдында болады. Бұдан тыс студенттердің сабаққа қатысуы, лекцияларды қаншалықты ықыласпен тыңдап отырғаны экранда айқын көрінеді.
Алғашқы таныстырылым уақтысында БАҚ өкілдері университеттің медиаорталығымен де танысты. Мұнда телехабар жүргізуге барлық мүмкіндік қарастырылған. Студия заманауи техникалармен жабдық-
талған.
Университет жетістіктерімен танысқан журналистерді үлкен аудиторияда Мұхтар Төлеген қарсы алды. Ол хакім Абайдың «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген данышпандық сөзін алға тарта отырып, жаңа белестерді бағындыру үшін ең әуелі Ниет, Күш және Тәртіп керектігін атап өтті. Келер жылы заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтің туғанына 130 жыл толады. Осы мерейтойды лайықты қарсы алу жолында бірқатар жұмыстар атқарылуы тиіс. Солардың алғашқысы ретінде университеттің барлық ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бүгіннен ойластырылып жатыр. Рас, оқу корпустары әлі де жетіспейді, студенттерге жан-жақты жабдықталған аудитория, жайлы жатақхана әлі де көп керек. Алдағы уақытта жалға алып отырған ғимараттарды азайту үшін университеттің қосымша жайларын салу жоспарлануда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын университеттерге көбірек дербестік беруге болатынын да атап айтқан еді. Сондай-ақ, ғылымды қаржыландыру мәселесіне барынша басымдық берілуі керек. Ғылым дамымай өндіріс дамымайды. Өндіріс дамымай мемлекет алға баспайды. Сондықтан барлық аймақтағы өндіріс орындарымен қоян-қолтық байланыста жұмыс істеп, сұранысқа ие мамандар даярлаудың өзектілігі ұмытылмауы тиіс. Бүгінде еліміздегі өндіріс ошақтарына барлық саланың мамандары қажет. Университет қабырғасында білім алып жатқан студенттерге барынша терең білім беріп, оларды өз салаларының нағыз білгірі етіп шығару – бүгінгі күннің басты талабы.
Сөз жоқ, еліміздің ертеңгі білікті мамандарын оқытып жатқан оқытушылардың жағдайын да ойдан шығаруға болмайды. Олар әр студентінің білімді тұма бастаудан қанып ішуі жолында аянбай тер төгіп келеді. Олай болса, оқытушыларға да жағдай жасап, олардың айлық жалақыларын көтеру керек.
Бұдан тыс ректор университеттің миссиясы мен жаңа даму бағытын айқындау, білім сапасын халықаралық деңгейге көтеру кезек күттірмес міндет екенін айтып өтті. Халықаралық ынтымақтастық аясында шетелдердің ең таңдаулы жоғары оқу орындарымен байланыс жасау, тәжірибе алмасу практикасы үзілмеуі керек. Шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты дамыту университеттің басты стратегиялық бағыттарының бірі. Бүгінде университет 200-ден астам халықаралық келісімшартқа қол қойған. Бүкіл әлемнің студенттерімен тілдесу мүмкіндігі бар. Академиялық ұтқырлық орталығы студенттерге шетелде білім алудың тиімді де тағлымды тәжірибесін ұсынады және әлем студенттерімен байланысу мүмкіндігін береді. Университет қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, ұлттық экономиканы одан әрі дамыта түсуге сүбелі үлес қосуға тиіс.
Міне, өңіріміздегі іргелі оқу орындарының бірін осындай ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Ерекше елең еткізерлігі, әуезовтіктердің ұлттық университет атануға талпынулары. Тағы бір айта кетерлігі, білімді, адал, туған жерін сүйе білетін нағыз патриоттар даярлау жолында ешкім де аянып қалмауы керек. Дипломды жастардың жұмыссыз қалып кетпеулері үшін шаруашылық, кәсіпорын, зауыт-фабрика басшыларымен тығыз байланыс орнату да одан әрі тереңдей түспек.
Ғылым жолы қашанда оңай болмаған. Тынымсыз ізденіс пен қажырлы еңбек қана табысқа бастайды. Кешегі жеткен жетістік бүгінге меже емес. Қазір ғылымның қарыштап дамыған кезі. Сәт сайын жүздеген жаңалық ашылып, жүздеген тәжірибе өндіріске енгізіліп жатады. Ғылымды алға сүйрейтін талантты, білімді адамдар. Жас адам жаңа өмірге бейімделгіш келеді. Сондықтан жас ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсетілмек.
Басқарма төрағасы-ректор алдына қойған жоспары мен бағдарламасын таныстырған соң журналистердің сауалдарына жауап берді. Кадр тапшылығын жою, мамандарды мақсатты түрде даярлау, жаңа білім бағдарламасын жасаудағы жаңашылдықтар журналистердің ойынан шықты. Жасыратыны жоқ, университетте басшылық ауысқалы бері «Денсаулық» спорт кешені сатылады екен деген дақпырт шыққан. Мұхтар Әділбекұлы бұл дақпырттың нүктесін «кешен сатылмайды» деген бір ауыз сөзбен қойды. Басқарма төрағасы-ректор журналистердің басқа да сұрақтарына тұшымды жауаптар берді.
С.ДӘНІҚҰЛҰЛЫ.
Daisy Darren
I don't think I've had or can remember any satisfactory service like the one I got from jbeespyhack when I contacted them through a friend's recommendation following the loss of my BTC account and over $325,000 saved on crypto. I haven't seen such a professional service and with the way the process seemed easy, it was nothing short of pure satisfaction when they eventually were able to get my money back and also gave bonus additional and professional advice on how best I can secure my account. If you face a similar problem and want help, reach out to them via;jbeespyhack@gmail.com