Мектептер жөндеуден өтуде

Мақтаарал ауданында білім беру саласының инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Оқушылардың заман талабына сай, қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда білім алуына жағдай жасау мақсатында  бірқатар білім беру ұйымдарында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі таңда «Мырзакент» және  «Мақтаарал» мектеп-гимназияларында, О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебінде және «Жаңа жол» жалпы орта мектебінде жөндеу жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Қазіргі таңда мердігер мекемелер ғимараттардың сыртқы қабырғаларын заманауи материалдармен қаптау, шатырларын жаңарту, қасбеттерін ретке келтіру және мектеп аумақтарын абаттандыру жұмыстарын талапқа сай жүргізуде.

Мектеп ғимараттарының талапқа сай болуы мен оқушылардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуы – басты назардағы мәселелердің бірі. Сондықтан әрбір құрылыс жұмысы сапалы орындалып, белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.

 Биыл Мақтаарал ауданында білім беру ұйымдарының ғимараттарын жаңғырту жұмыстары кең көлемде жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта төрт мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, тағы тоғыз мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бұл жұмыстар мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, оқушылар мен педагогтер үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін мектеп ғимарттарының келбеті жаңарып, инженерлік жүйелері жақсарып, қызмет ету мерзімі ұзара түседі. Сонымен қатар, оқушылардың сапалы білім алып, ұстаздардың алаңсыз еңбек етуіне де барлық қолайлы жағдай жасалады.

 

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ.

Мақтаарал ауданы.

1 пікір

  • mary jordan
    mary jordan

    I don't think I've had or can remember any satisfactory service like the one I got from jbeespyhack when I contacted them through a friend's recommendation following the loss of my BTC account and over $325,000 saved on crypto. I haven't seen such a professional service and with the way the process seemed easy, it was nothing short of pure satisfaction when they eventually were able to get my money back and also gave bonus additional and professional advice on how best I can secure my account. If you face a similar problem and want help, reach out to them via;jbeespyhack@gmail.com

Пікір қалдырыңыз